Home » Жаңалықтар » Жетінші Наурыз кездесулері     

Жетінші Наурыз кездесулері     

   2017 жылғы 19-20 наурызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Наурыз кездесулері өтеді.

Биыл дәстүрлі Наурыз кездесулері Астана ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесіне арналады. Шымкент қаласы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет өтетін кездесуге арқау болатын басты тақырып – «Шекарасыз ғылым».

21 ғасырдың көкейтесті басымдықтары болып табылатын медицина, физика, инженерия, география, математика және өзге де ғылым салаларындағы инновациялық технологиялар бойынша панельдік сессиялар мен сегіз лекторий өткізу жоспарланып отыр. Наурыз кездесулеріне танымал қазақстандық және шетелдік дәріскерлер: Назарбаев Университеті Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері, NASA ғылыми грантының иегері Дамель Мектепбаева, Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры Майкл Робер Роджерс Гуд, «Korea STEAM» (Оңтүстік Корея) Білім беру үлгілерін зерттеу тобының жетекшісі Чой Джангхун, STEAM-білім беру (Венгрия) технологиясының сарапшысы, инженер-технолог Акош Векчей және басқалар шақырылды.

– Шымкентте әлем мойындаған ғалымдармен қатар Зияткерлік мектептердің оқушылары – «Ақылды тақия» жобасының авторы ақтаулық Жолдасбай Сәттіғали мен «Жылжымалы микроскоп» жобасының авторы астаналық Альбина Абдосова, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері Сәуле Құрманғазы, Еркежан Манекина және басқалары сөз сөйлейді, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова. Наурыз кездесулері – отандық ғылымның болашақ жұлдыздарының басын қосатын заманауи жасампаз алаң.

Наурыз кездесулерінің екінші күні STEAM инновациялық идеялары, оның ішінде баламалы қуат көздері бойынша жоба жұмыстарын қорғауға және TEDx форматында баяндамалар жасауға арналады.

Бағдарлама аясында «Химфарм» акционерлік қоғамына (SANTO сауда белгісі) экскурсия жасау көзделген.

Басталуы: 2017 жылғы 19 наурыз, сағ.10.00

Мекен-жайы: Шымкент қ., Ақжайық ықшам ауд., Элиталық қалашық, 6 қ.

БАҚ аккредитациясы келесі телефон номерлері арқылы жүргізіледі:

+7 (7172) 235716; +7 707 787 07 90

e-mail: mbbtb@mail.ru; alipinova_m@nis.edu.kz

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.