Home » Жаңалықтар » Білімділер белдесті

Білімділер белдесті

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің барлық факультеттерінде облыстық деңгейде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында пән олимпиадасы болды. Соның ішінде Тіл және әдебиеті институтының ұйымдастыруымен өткен білім додасына өңіріміздің әр елді мекенінен 150 ден аса оқушылар келіп, өз бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 15, орыс тілі мен әдебиеті бойынша 32, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілдері бойынша 98 оқушы қатысқан. Бүгінгі заманның бәсекеге қабілетті жастары ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын танытып отыр.

Бүгінгі таңда мемлекетіміз бойынша қазақ тіліне деген сұраныстың азайғанын олимпиадаға қатысушылар санынан да көруге болады. Дегенмен, ұйымдастырушы Сыдықов Нұрланның айтуынша: бұл тек болашақта қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдайтын жастар. Олимпиаданы өткізудегі негізгі мақсатымыз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өз мамандығымызға деген қызығушылықтарын арттыру, дейді. Оған да дәтке қуат деуге болады екен, деген ойға келдім. Білім бәйгесінен оза шапқандар үшін облыс әкімінің арнай гранты беріледі екен. Өткен жылы бес грант аталмыш мамандық иелеріне берген екен. Биылда осы дәстүр қайталанады деп отыр.

Көкбасқызы Жазира
«Білім айнасы»
СҚО, Қызылжар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.