Home » Мақалалар » БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!

БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!

Жаз айы – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.  Балалар үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені, оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында суға шомылып, табиғатқа шығу өте керемет. Жазғы лагерьдің тағы бір ерекшелігі, балалар мектеп алаңына  шығып, футбол, волейбол ойындарын қызыға ойнайды. Осылайша, жазғы лагерьде уақыттың қалай зымырап өтіп жатыр.

Балалар күн сайын таңертеңгілік жаттығуларды музыка әуенімен жасайды. Топ жетекшілері демалушыларды спорттық жаттығулар мен ойындар арқылы тынықтырды. Демалыс лагерінің жоспары бойынша қаланың көрікті жерлері мен мұражайлары таныстырылып, жеткіншектер балаларға арналған кинофильмдер мен мультфильм, спектакльдерді де тамашалады. Сондай-ақ, мұндағы оқушылар күнделікті дәруменді тағамдармен түстенді. «Балалар әлемі» сауықтыру орындарына барды. Сондағы жануарларды қызықтап, оларды өз қолдарымен қоректендірді. Лагерьдегі қызықты шаралардың бірі – танымдық-интеллектуалдық ойындар. Сондықтан, оқушыларың бос уақытын қызықты әрі мағыналы өткізуде кейбір тәрбиешілердің шығармашылық, іскерлік тәжірибелері тиімді жүзеге асты. Олар: А.М.Казымбетова, А.Ж.Абенова, Г.М.Мухомеджарова, М.М.Нурумова және А.О.Олжаева. Сондай-ақ, А.О.Олжаева дене тәрбиесін дамыту мақсатында қызықты жаттығулар, жарыстар, сайыстар өткізіп, №31 ЖОББМ-нде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жайлау» атты ауқымды іс-шара өткізді. Салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық киімдер көрмесі ұйымдастырылып, 7 қазынаға байланысты көріністер қойылды.

Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің әрбір күні ерекше шуақты, қуанышты өтуде.

 

М.О.ОЛЖАЕВА,
Ленин кенті №33 ЖОББМ-нің
жазғы сауықтыру лагерінің басшысы.
Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.