Home » Жаңалықтар » «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер халықаралық қашықтық байқауының нәтижесі

«Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер халықаралық қашықтық байқауының нәтижесі

Бастауыш білім беру жаңартылған бағдарламаны енгізу аясында  педагогтардың шығармашылық, зерттеушілік, кәсіби күш-қуатын белсендету, жаңашыл тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында  АҚФ  «БАҰО «Өрлеу» СҚО ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік нұсқаулар халықаралық қашықтық байқауы өтті.
Ұсынылған материалдардың сараптамасы 2017ж мамырдың 10-22-і аралығында жүргізілді. Қатысушылар саны 69 бастауыш сынып мұғалімдері құрды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын 39 педагог және орыс тілінде оқытатын 30 педагог болды. Байқауда өз еркімен және тең құқылы негізде жеке қатысушылар және шығармашылық ұжымдар қатысты. «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік нұсқаулар халықаралық қашықтық байқауына Украина (Запорожье), Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және  Солтүстік Қазақстан облыстарының педагогтері қатысты.
Әдістемелік нұсқаулар   байқауы келесі бағытта жүргізілді:

  • Бастауыш сынып оқушылары үшін шығармашылық тапсырмалардың жүйесі;
  • Бақылау – өлшегіш материалдары;
  • Бейне сабақтар;
  • Әдітемелік құралдар;
  • Қысқамерзімді жоспарлар.

Байқау қатысушылары жаңартылған бағдарлама бойынша жаңашылдықты білдіретін, инновациялық әдістер және технологияларды қамтылған  авторлық жұмыстарын ұсынды. Бастауыш білім беру жүйесінде маңызды және өзекті ұсынылған жұмыстар авторлардың жаңартылған бағдарлама идеяларын түсінгенін дәлелдейді. Байқау жеңімпаздары Дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

  «Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік әзірлемелер халықаралық қашықтық байқауының нәтижелері

http://www.ipksko.kz/index.php/glavnaya/23-materialy-na-russkom-yazyke/meropriyatiya-konferentsii-forumy/4347-sko-rezultaty-mezhdunarodnogo-distantsionnogo-konkursa-metodicheskikh-razrabotok-perspektivnaya-nachalnaya-shkola

«Болашағы мол бастауыш мектеп» әдістемелік нұсқаулар халықаралық қашықтық байқауының әділ-қазы құрамы байқау жеңімпаздарын құттықтайды және байқау қатысушыларына іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіреді.

 

К.К.Жамантаева, А.Ш.Ильясова
 «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»
кафедрасының аға оқытушылары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.