Home » Эссе » Болашағы біртұтас ел — біздің лайықты болашағымыз!

Болашағы біртұтас ел — біздің лайықты болашағымыз!

Көкірегімнің үміті мен тілегі

Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.

Күн астында көк төбелер түледі

Менің елім, менің елім – гүл елі!-деп Жұмекен Нәжімеденов ағамыз жыр жолдарын арнаған атамекеніміз – Қазақстан!

Осы еліміз, атамекеніміз – Қазақстан жылдан жылға өсіп-өркендеп келеді. Бұл жерді сақтап қалуда қаншама зиялы қауымдар, батырлар мен билеріміз, намысшыл азаматтарымыз терін төгіп, жанын қиды.

Еліміздің өркениетті, алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жиды, оның одан әрі өркендеуі қоғамымыздың әр азаматының еңбегіне, біліміне, жауапкершілігіне байланысты. Елбасы халыққа Жолдауының басты бөлімдерінің бірінде “Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман”,-деп айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңгі тұтқасы болатыны даусыз. Осындай жан-жақты дамыған, білімді, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілік-пен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

«Мəңгілік Ел» – қазақстандық қоғамның жаһандану кезеңіндегі ең мəнді де маңызды, саяси берік идеясы. «Мəңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан əрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ – ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Қазіргі кездегі жаңашыл ұстаз шәкіртіне ғалым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір суруге тәрбиелеуі керек. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығұшылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Ұстазды әр баланың жан-дүннесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен де бұл тұрғыда өзімнің жемісті еңбегімді мақтаныш сезіммен әрдайым айтамын.

Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын атпал азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны деп білемін.

Нурбергенова Индира Татарбековна

Жаңаөзен қаласы,

№ 9 орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.