Home » Мақалалар » Бағалау жүйесіндегі электронды тест тапсырмаларының тиімділігі

Бағалау жүйесіндегі электронды тест тапсырмаларының тиімділігі

Оқушылардың жұмысын объективтік және нақты бағалау бір жылғы мәселе емес. Әр мұғалім оны өз бетінше шешеді. Көбі бүгінде барлық әлемдік тәжірибеде кеңінен танымал тестілеу әдісін қолданады. Қазіргі тәжірибеде кез келген пәнде тестілеу әдісі тиімді әрі пайдалы, нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр.

Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде.

Мен де өз оқушыларымның білім деңгейін тексеру барысында әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Соның бірі – тестілеу әдісі, соның ішінде электронды тест тапсырмалары. Тест арқылы бақылау барысында мені қызықтырғаны: білім сапасын шұғыл білу, қателерді дереу түзеу, ескертулерді түзеу. Яғни, бұл мұғалімге артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге көмектеседі. Тестілеудің тағы бір тиімді жағы – барлық оқушылар бір деңгейде жұмыс істейді. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар өз білім деңгейін біле алады, өзіне өзі бақылау жасай алады.

Тест тапсырмаларын құру барысында әртүрлі сала, әртүрлі бағдарлама, әртүрлі тақырыптар қамтылады. Бұл өз тарапында оқушының білім деңгейін анықтай отырып, нақты тапсырмалар беруге көмегін тигізеді.

Географиядан өзіндік жұмыс жүргізу және оның нәтижесін анықтау, бағалау мәселелерін ұтымды шешуде тест арқылы жүзеге асыруға болатынына көзім жетті. Осындай тест тапсырмаларының өзім қолданылып жүрген бірнеше түріне тоқтала кетсем:

  1. Толықтыру тест
  2. Таңдамалы тест
  3. Иллюстративті (суретті) тест
  4. Сәйкестендіру тест
  5. Реттілік тест
  6. Аралас тест
  7. Бірнеше жауапты талап ететін тест
  8. Баламалы (альтернативті) тест
  • Толықтыру тесті оқушыларға сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөздердің орнына (цифр, термин т.б) көп нүкте қойылады. Мәсәлен:

*Еуразия материгінің теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі ….. метр (-403) ;

*Еуразия материгінің ең биік нүктесі ….. метр; (8848 )

*Еуразия материгінің солтүстік шеткі нүктесі…. (Челюскин)

*Еуразия материгінің батысын  ….. мұхиттың суы шайып жатыр?

(Атлант)  т.с.с

  • Альтернативті (баламалы) тест. Негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә-жоқ, дұрыс-дұрыс емес) және қиын терминдер мен ұғымдарды меңгерген деңгейін тексереді. Бұл тапсырмалар нақты фактілерді білуін талап етеді, түсінігі қалыптасады, себебін анықтайды. Мысалы:

Еуразия материгіне қатысты мына ұғымдар рас па, жалған ба?

*Еуразия ең үлкен материк (Иә)

*Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Еуразияда (жоқ)

*Еуразия материгінің жағалауын барлық мұхит сулары шайып жатыр (иә)

*Жер шарындағы ең үлкен тропиктік шөл Еуразия материгінде орналасқан (жоқ)

  • Таңдамалы тест. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмаларын бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолданған тиімді.Тапсырманың бұл түрінде ең дұрысы 4-5 жауаптан болғаны.

* Евразияда көлдердің солтүстік-батыста жиі орналасуының себебі

А) Мұздықтардың қазу әрекеті

В) Климат ерекшеліктері

С) Жер бедерінің сипаты

  1. D) Адамның шаруашылық әрекеті

Е) Жер қыртысындағы жарықтардың болуы

  • Сәйкестендіру тест. Келесі түрінің тапсырмасы бірінші кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу.

*Мына жанартаулардың қай елдерге тән екенін тиісінше орналастыр.

1.Гекла                          А. Ресей

2.Кракатау                    В. Италия

3.Фудзияма                   С. Исландия

4.Ключи шоқысы          Д. Жапония

5.Везувий                       Е. Индонезия

1 – С,    2 – Е,   3 – Д,    4 – А,    5 – В.

  • Реттілік тест. Мұнда берілген тапсырманы белгілі бір реттілік бойынша қою тапсырылады. Мысалы:

*Мына елдерді жер көлемі үлкенін бастап орналастыр:

  1. Қазақстан
  2. Моңғолия
  3. Ресей Федерациясы
  4. Германия
  5. Қытай
  6. Үндістан

(1. Ресей Федерациясы 2. Қытай  3. Үндістан 4. Қазақстан                 

  1. Моңғолия 6. Германия )
  • Суретті тест. Мұнда берілген суреттен бір бөлігін немесе бір объектіні көрсетеді. Мысалы:

*Картадан Еуразияның шығыс шеткі нүктесін көрсет, *Байкал көлін көрсет немесе *Еуразиядағы ең үлкен көлді көрсет т.б

 

 

  • Бірнеше жауапты қажет ететін тест. Бұл тестіде берілген жауаптардың ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдау қажет болады. *Мына елдердің ішінен Еуразия елдеріне жататынын көрсет

Чили, Пакистан, Дания, Алжир, Болгария, Непал, Мексика, Италия

( Пакистан, ДанияБолгария, НепалИталия )

 

Осы жоғарыда аталған тест тапсырмаларын тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар электронды түрде қолданысқа енгізсек өте тиімді болары сөзсіз. Өйткені қазіргі кезде электронды тест жасаудың түрлі бағдарламалары өте көп. Атап айтар болсақ, «My Test», «Vip Test», «JSTest Compiler» т.б электронды тест жасау бағдарламалары бар.

Қорытындылай келе бұл электронды тест тапсырмаларының тиімділігі сол оқушы білімін автоматты түрде бағалау және уақытқа да шектеу қоюға мүмкіндік болады, яғни барлық параметрлерді сіз өзіңіз баптай аласыз.

Який Хайрат
Астана қаласы
№69 мектеп-гимназия
география пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.