Home » Ашық сабақтар » Бау-бақшада бақтарда (жемістер мен көкөністерді әңгімелеу)

Бау-бақшада бақтарда (жемістер мен көкөністерді әңгімелеу)

Тобы: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын көкөністер мен жеміс түрлерінің атаулары арқылы дамыту, оларды ажырата білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері:

  1. Шаттық шеңбер
  2. Күз мезгілі туралы сұрақ-жауап.
  3. Слайд арқылы әңгімелесу. Көкөністер мен жемістер.
  4. Үнтаспа арқылы жаңылтпаш айту
  5. Д/О: «Көкөністермен жемістерді ажырат»
  6. Мнемокесте арқылы жұмбақ жасыру
  7. Әуен арқылы сергіту сәті
  8. Қорытынды. Релаксация.
  1. Күз мезгілі туралы сұрақ- жауап.

 

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз.

— Күз мезгілдерін атаңдаршы?

— Қыркүйек, Қазан, Қараша.

— Балалар, біз дәрумендерді қайдан аламыз?

— Көкөніс пен жеміс-жидектерден.

— Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса біз бүгінгі ұйымдастырылған қызметімізде көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз, оларды ажырата отырып адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтамыз.

— Балалар, жемістер қайда өседі?

— Жемістер ағашта өседі, оларды су құйып, баптап өсіреді.

— Олар қайда өседі?

— Олар ағашта бақта өседі.

— Ал көкөністер қайда өседі?

— Олар қай уақытта жинап алынады?

— Күз мезгілінде.

— Көкөністер бау-бақшада өседі. Оларға су құйып қопсытамыз.

Жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы өте көп, балалар, оны тазалап, жуып жеуіміз керек. Оларды жеп жүрсек адамдар еш уақытта ауырмайды. Оларды күз мезгілінде жинап алып, дүкендерге сатуға шығарады, олардан адамдар әр түрлі салаттар жауып, қыстыққа дайындап алады.

  1. Слайд арқылы әңгімелесу:

Слайдта күз мезгілімен,жемістер,көкөністер туралы көрсетіліп,әңгімелесу. Олардың түр түсін, пішінін, пайдасын, дәмін балаларға менгерту.

 

  1. Жаңылтпаштар:

Ата мен әже, ана да

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырғна Арман бала да

Арбамен тасып береді.

Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан,

Басқарақ асқабақ әкелді.

  1. Д/О: көкөністер мен жемістерді ажырату.

Тәрбиеші: Балалар, ортаға жемістер мен көкөністер шашылады, соны ажыратып себетке жинап салу керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.

  1. Мнемо кесте арқылы жұмбақ жасыру: (Әр сөздер айтылған сайын суреттері көпсетіліп тұрады)

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.   (Жеміс)

Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе, жыладық. (Пияз)

Сары қозы, көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көп қозы,

Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)

  1. Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Жидектері көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Көкөніс пен жемісті

Қарғалардан қорғайық.

  1. Қорытынды: Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде қандай тақырыпта әңгімелестік, нелер туралы айттық? (сұрақ жауап арқылы түсінгендерін, білгендерін қайталату)

Шекетасова Жанагул Мухтаровна

№59 «Ақбөбек» балабақшасының

                                                        II санатты тәрбиешісі, Атырау қаласы, Ақжар селосы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.