Home » Ашық сабақтар » Иттер – менің достарым

Иттер – менің достарым

 Білім беру саласы: «Таным»

Тобы: I кіші топ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: сенсорика

Мақсаты: Балалардың назарын әртүрлі көлемдегі заттарға аудару, “үлкен” және “кішкентай” сөздерінің мағынасын түсіндіру. Балаларды үлкен және кішкентай заттарды көрсете білуге, сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:                                                                                                                      

  1. Тосын сәт (Ақтөстің келуі)
  2. Билингвальды компонент
  3. Ит туралы әңгімелеу (слайд арқылы)
  4. Үлестірмелі материалмен жұмыс
  5. Д/ойын: «Ит сүйегін құрастыру»
  6. Әуенді сергіту жаттығуы (бейне таспадан ит туралы сергіту сәті көрсетіледі)

Көрнекілігі: үстел, көлемі бойынша айырмашылықтары бар 2 ойыншық күшік, 2 үй, 2 бантик, 2 доп, 2 тәрелке, күшіктердің көлемдеріне сәйкес 2 сүйек, сабын көпіршіктері.

Жүру барысы:

Тосын сәт:                                                                                                                                      

-Балалар, қатты үріп жатқан не? Әуп-әуп. Иә, дұрыс, бұл ит қой үріп жатқан, ол бізге қонаққа ит күшігімен келіпті.

Балалар қарайды, тыңдайды.

-Бұл-ит, деп жауап береді.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар, біз сендерден көмек сұрауға келдік, бізге айтыңдаршы, мен үлкенмін бе, әлде қолымдағы күшігім үлкен бе?

Балалар жауабы тыңдалады.

Билингвальды компонент: ит-собака.

Балалар қайталайды: ит-собака.

Ит туралы әңгімелеу (слайд арқылы). Ит — адамның досы. Ит үйді және үй жануарларын жабайы жануарлардан қорғайды. Иттің баласын күшік деп атаймыз. Күшік кезінде сүтпен қоректенеді. Ал ит кезінде сүйекпен қоректенеді. Олардың тұратын үйін үйшік деп атаймыз.

Ал енді келген қонақтарымыз көмектесейік. Балалар зер сала тыңдап слайдтарды тамашалайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

-Маған үлкен итті көрсетіңдерші. Енді маған кішкентай итті көрсетіңдер.

— Балалар, қараңдаршы, мына жерде үйшіктер тұр. Мұнда иттер тұрады.

— Бұл қандай үй?

— Үлкен үй

— Ал мынау ше?

— Кішкентай үй.

— Бұл қандай ит? Үлкен ит.

— Ол қандай үйде тұрады? Көрсетіңдерші. -Ол үлкен үйде тұрады. Көрсетеді

— Қанеки, иттерімізге бантик сыйлайық.

Міне, бізде үлкен және кішкентай, бантиктер бар.

— Мынау қандай бантик?

— Үлкен бантик.

— Ал мынау қандай?

— Кішкентай бантик

-Үлкен бантикті қай итке сыйлаймыз, ал кішкентай бантикті қай итке сыйлаймыз?

— Қараңдаршы, біздің иттер қандай әдемі болды.

-Үлкен және кішкентай иттеріміз доппен ойнап жүріп оларды жоғалтып алыпты, ал мен

доптарды тауып алдым, олар мінеки.

(Үлкен және кішкентай доптарды көрсетеді).

  • Бұлар – үлкен және кішкентай доптар.

Маған үлкен допты көрсетіңдерші?

-Үлкен допты қай итке береміз?

— Ал кішкентай допты қайсысына береміз?

Балалар үлкен допты үлкен итке, ал кішкентай допты кішкентай итке беретіндерін айтады.

Әуенді сергіту жаттығуы: Бейнетаспадан ит туралы сергіту жаттығуы көрсетіледі, тәрбиеші балаларға бірге қимыл-қозғалыс жасауды ұсынады.

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

— Біздің үлкен және кішкентай итіміздің қарындары ашқан екен. Қанеки, оларды тамақтандырайық.

— Мен қазір үлкен және кішкентай тәрелкені қоямын.

— Мынау қандай тәрелке? -Үлкен тәрелке.

— Ал мынау ше? — Кішкентай тәрелке.

Үлкен тәрелкені қай иттің алдына қоямыз? Көрсетіңдерші? Үлкен иттің алдына қоямыз. Кішкентай тәрелкені қай итке қоямыз? Көрсетіңдерші.

Кішкентай иттің алдына қоямыз, көрсетеді.

  • Оларға сүйектер берейік.

Бұл – үлкен және кішкентай сүйектер.

-Мынау қандай сүйек? -Үлкен сүйек.

-Үлкен сүйекті біз қай итке береміз? -Үлкен итке

Көрсетіңдерші?

-Ал мынау қандай сүйек?

Кішкентай сүйекті қай итке береміз? Көрсетіңдерші? -Жарайсыңдар.

Ит: Балалар, маған тағы да бір көмектерің керек болып тұр, біз екеуміз сүйекке таласып жүріп сүйегімізді сындырып алдық…

Д/ойын: «Ит сүйегін құрастыру». Тәрбиеші балаларға иттің сүйегі қиылған сүйекті береді де шапшаң құрастыруларын ұсынады.

Балалар шамалары келгенше сүйекті құрастыруға тырысады.

Қорытынды:                                                                                                                                

-Міне, біз үлкен итті де, кішкентай итті де тамақтандырдық. Олар үлкен және кішкентай үйшіктерде тұрады, үлкен және кішкентай доппен ойнайды, үлкен және кішкентай тәрелкеден үлкен және кішкентай сүйекпен тамақтанады, біз оларға үлкен және кішкентай бантиктерді сыйлыққа тарту еттік. Олар сендерге сабын көпіршіктерін әкелді. Иттеріміз енді біздің сабын көпіршіктерін қалай ұстап алатынымызды тамашаласын. Маған үлкен және кішкентай сабын көпіршіктерін көрсетіңдерші. Жарайсыңдар.

Балалар сабын көпіршіктерімен ойнайды.

Сабенова Гулфайрус Қумарғалиқызы

№59 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі,

     Атырау қаласы, Ақжар селосы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.