Home » Ашық сабақтар » Суретшінің шеберханасына саяхат. Travel to the Painter’s studio

Суретшінің шеберханасына саяхат. Travel to the Painter’s studio

Мектеп алды даярлық тобы.

Оқу қызметінің мақсаты:

Білімділік: түстерді, пішіндерді ажырата білуге және ағылшын тілінде айтуға үйрету.

Тәрбиелік: шет тіліне деген қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: ой-түйсігін, қиялын дамыту, ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айту, нақты айту, сөз қорын байыту, есту қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер:  түрлі-түсті бояу қаңылтырлары, пішіндер, үлестірмелер, матадан жасалған кемпірқосақ пен күннің суреті.

Блингвистикалық компоненті: sun – күн, rainbow – кемпірқосақ, sunbeams – күн сәулелері

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, суретпен жұмыс, қимыл-қозғалыс ойындары.

Оқу қызметінің барысы:

Teacher: Hello, dear guests!

We are very glad to meet you here today!

I think you will enjoy our lesson!

Балалар әуенмен муз.залға кіреді.

Teacher: Балалар, қараңыздаршы, сіздердің білімдеріңізді көргісі келіп, бізге көптеген қонақтар келіпті. Ендеше, балалар, бір-бірімізбен және де қонақтарымызбен амандасайык.

Let’s make the circle like the sun and sing our “Hello” song.

Балалар “Hello” әнін орындайды.

Teacher: Very good! Take your seats, please!

Teacher: Children, what season is it now?

Children: It is winter!

Teacher: What’s the weather like today?

Children: It is cold. (ауа-райының қандай екендігін айтады)

Now I’ll tell you a phonetic tale. Listen to me and repeat after me. (Teacher tells the phonetic tale) (мұғалім тіл туралы ертегіні айтады)

Балалар тыңдап мұғалімнің соңынан қайталайды.

Teacher: Балалар, біздер қонақтарымызға ағылшынша қалай сөйлесе алатынымызды көрсетейікші. Ендеше 2 баладан ағылшын тілінде диалог кұрайық.

— Hello!

-What is your name?

— My name is …

— Good-bye!

Есік қағылады.

Teacher: Somebody is knocking the door. Who is it? Let’s open the door.

Postman: Hello!

Children: Hello!

Postman: It is for you. (хатты береді)

Teacher: thank you

Postman: Good –bye!

Teacher and children: Good-bye!

Teacher: Look! This is a letter. What is the color of the envelope?

Children: Yellow.

Teacher: Yes, you are right. Let’s read it.

“Hello My Friends I’m a Painter. I’m in big trouble and I need your help. Can you come to my studio and help me?!

Мұғалім хатты ашып, оқып, балалармен бірге хатты ағылшыннан қазақшаға аударады

Teacher: Are you ready to help to Painter? Суретшіге көмектесуге дайынсындар ма?

Children: Yes!

Teacher: Then let’s go to the Painter’s studio! How can we get there?

Children: Сar, plane, train, bus. (балалар әр көлік түрлерін айтады)

Teacher: Yes, you are right. We can go to there by bus!

Балалар “Wheels on the bus” өлеңін айтып, суретшінің шеберханасына барады. Балалар өз орындарына отырады. Шеберханада суретшіні кездестіреді.

Painter: Hello, my friends! Сәлем менің достарым! 

Children and teacher: Hello!

Painter: I’m so glad to see you! I need your help! I can’t open my paints. Look at this pictures! (Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Маған сендердің көмектерің керек. Мен бояуларымның қақпағын аша алмай жатырм. Мына суретке қараңыздаршы.)

Teacher: Балалар қараңыздаршы мына суретке! Суретші суретін аяқтай алмай жатыр. Мына суретте не бейнеленген?

Children: Бұл күн және кемпірқосақ.

 

Teacher: Ия сендер дұрыс айтасыңдар! Күн – The sun, Кемпірқосақ – a rainbow, Бірақ қараңыздаршы күнге не жетіспейді? (жаңа сөздермен таныстырады)

Children: Күн сәулелері.

Teacher: Балалар біздер күн сәулелерін – «sunbeams» деп айтамыз!

Балалар кемпірқосаққа қандай түстер жітіспейтінін айтады.

Teacher: Yes, you are right. Ия балалар дұрыс айтасыздар. Балалар суретшіге көмектесеміз бе?

Painter: Can you help me, please? Маған көмектесесіндер ме?

Children: Yes.

 

Painter: But to open the paint, you should do some tasks! Балалар бірақ ол бояуды ашу үшін, сендер тапсырмаларды орындауыныз керек. Бұл тапсырмаларды мен бір өзім орындай алмаймын. Are you ready for that? Сендер дайынсындар ма?

Children: Yes.

Teacher: Балалар біздер ағылшын тілінде тапсырмаларды қалай орындайтынымызды көрсетейікші.

 

Painter: Бірінші тапсырма ол тустерді атау. Бірақ түстерді тек қана атап шығу қызықсыз, сондықтан менімен “Color Hoops” ойынын ойнау арқылы атап өтейік. Are you ready? I will jump to these colorful hoops, and you should tell me what color is it? Мен түрлі-түсті дөңгелектерге секірем, ал сендер болса соның ағылшынша атауын атау керек боласындар.

Балалар түстердің ағылшынша атауын атап отырады. Суретші айтқан түстерге секіріп, кейін балаларда ойынды жалғастырады.

 

Painter: Very good! Let’s check the paint, my colors! Oh, look at this children, these is sunbeams. Thank you, very much. I’m so happy. Let’s count it together, how many sunbeams here! Жарайсыңдар балалар, Мен бояуларымды тексерейін! Ой балалар қараңыздаршы, бұл күн сәулелері гой. Бірге санайықшы неше кун сәулесі бар екен.

Teacher: Балалар біздің суретші қатты қуанып жатыр. Қанекей бірге санайықшы. Let’s count!

Балалар ағылшын тілінде санайды. Күннің сәулелерін суретке жабыстырады.

 

Teacher: We have prepared a song for you. Children let’s make a circle and sing the song. (Суретші біздің сізге арнаған өлеңіміз бар. Балалар біздің суретшіге арнаған өлеңімізді айтып, бір шынығып алайық).

Мұғалім балалармен шеңбер құрып, отырып өлең айтып, билейді. (“Colors” by Patty Shukla.) (Бұл өлеңді билеп айту үшін балалардың үстінде түрлі-түсті киім болуы немесе қолдарына түрлі-түсті ленталар берілуі қажет)

 

Painter: Thank you very much. Ой рахмет сендерге балалар. Көңілімді көтеріп жатсыңдар.

Балалар орындарына отырады.

Teacher: Ал біз енді екінші тапсырманы орындауға көшейік. What about the second task?

Painter: The second task is about shapes. Children do you know the shapes? Балалар екінші тапсырма ол пішіндер жайында. Сендер пішіндерді білесіңдер ме?

Children: Yes

Teacher: What shape is it? (әр түрлі пішіндерді көрсетеді)

Children: It is a circle. It is a … (балалар пішіндерді атайды)

 

Painter: Менің екінші тапсырмам «Пішіндерді түсіне қарай қою».

(purple circle, blue star, yellow oval, green triangle, red square, pink heart)

Балалар пішіндерді орын — орнына қойып тапсырманы орындайды.

Teacher: Балалар тапсырманы дұрыстап орындады ма екен? Қанекей көрсетіңдерші орындаған тапсырмаларыңды көрейік.

 

Painter: Ия балалар дұрыс орындапты. Look at this! Қараңыздаршы мында менің бояуымның қақпақтары ашылды. Here is my rainbow colors. Міне мында менің кемпірқосақ бояуларым. Thank you very much.

Балалар суретшімен бірге кемпірқосақ бояуларын жабыстырады.

Teacher: Балалар түстерді атап қана емес, түстер жайында тақпақтар да біледі.

 

Балалар тақпақтарын айтады.


Purple are the grapes.

Purple are the plums.

Purple are the flowers.

And my little drum.

 

Blue is the ocean.

Blue is the sky.

Blue is the blueberries

I put into my pie

 

Green is the grass

String beans and peas.

Green are the branches

On Christmas trees

 

Yellow is a star

Yellow is the sun.

Yellow is the moon.

When the day is done

 

Orange is the pumpkin.

Orange is a cat

Sleeping in the sun

On the orange mat.

 

Red is an apple

Red is a cherry

Red is a rose

And a ripe berry


Painter: Рахмет сендерге, балалар, түстер жайлы тақпақтарды да біледі екенсіңдер, мен енді суреттерімді жалғастырып сала алатын болдым. Менің алғысым ретінде сендерге тәттілерімді бергім келіп тұр. Менің печенейім жоқ қой, қайда кеткен кім алды? (таңғалып) Who took the cookie? Who took my cookies?

 

Teacher: Who took the cookie? Балалар, тәттілерді кім алғанын біз ойын арқылы тапсақ қалай қарайсыңдар?! Stand up, please! Let’s make a circle and sit down.

Балалар «Who took the cookie?» өлеңін айтып, ойын ойнайды.

Өлең аяқталып, тәттіні кім алғанын табады.

Painter: It is very interesting game. Let’s share the cookies. Бұл өте қызық ойын екен. Тәттіні, балалар, бөлісіп жеген дұрыс. Мен сендердің апайларыңа берейін, ол сіздерге балабақшаңызға барғанда бөліп берер.

Teacher: Thank you for inviting us to your studio. Сізге рахмет, бізді өз шеберханаңызға шақырғаныңызға. Балалар, суретшіге алғысымызды айтып, қоштасайық. Өз балабақшамызға да кететін уақыт болды. Thank you! Good – bye!

Children: Thank you! Good – bye!

Балалар автобусқа мініп балабақшаға қайтады. (the song “Wheels on the bus”)

Teacher: Міне балабақшамызға да келдік. Балалар, сендерге берілген тапсырмалар ұнады ма? Бүгін оқу іс-әрекетімізде нені үйрендік? Қонақтарымызбен де қоштасатын уақыт болды. Good-bye!

Children: Good-bye!

Эдельханова Айдана Дусенгалыевна

№16 «Ертегі» балабақшасы,

ағылшын тілі мұғалімі,

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.