Пән аты: Алғашқы әскери дайындық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биологиялық қару, оның жіктелуі жайлы түсінікті меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар биологиялық қару жайлы түсінікті меңгереді, оны жіктей алады.
- Өтілген тақырыппен байланыстырады.
- Пән бойынша білімдерін толықтырады.
- Патриоттық сезімдері күшейеді, топта бірлесе жұмыс жасайды.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Негізгі әдебиет: АӘД оқулығы
Сыныбы: 11
Көрнекілік құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар, көрнекілік плакаттар, магниттік тақта.
Ұйымдастыру бөлімі-3 минут
Взводтың сапталуы. Взвод командирінің баяндамасы. Әскери сәлемдесу. Сыртқы киімдеріне бақылау жасау. Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 12 мин.
І топқа: Химиялық қаруға анықтама беріңдер?
ІІ топқа: Химиялық қаруға тарихи анықтама беріңдер?
ІІІ топқа: Улы заттар сипатына қарай қалай бөлінеді?
ІV топқа: Тұншықтырғыш әрекетті улы затқа топтастыру жасайды.
V топқа: Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
Негізгі бөлім-15 минут
Оқушыларға жаңа тақырып айтылып, парақша таратылып беріледі.
Парақшаның «дейін» бағанын толтыруға тапсырма беріледі. Жаңа тақырып жөнінде оқушылар білгендерін жазады.
Биологиялық қару дегеніміз биологиялық құралдармен жарақталған арнаулы оқ-дәрілер мен ұрыстық аспаптар. Ол адамдарды, ауыл шаруашылығы жануарларын және ауыл шаруашылығы егістерін жаппай құртуға арналған.
Биологиялық қару ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:
Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық аурулардың (оба, тулерямия, холера, бруцеллез, сібір язвасы) қоздырғыштары; вирустық аурулардың қоздырғыштары ( шешек(оспа), қызба); риккетсиозды қоздырғыштар (таңбалы қызба, Ку қызбасы, бөртпелі сүзек «тиф»); бопалық аурулардың қоздырғыштары.
Адамдар мен жануарлардың биологиялық құралдардан зақымдану жолдары:
- Зақымдалған ауамен дем алғанда.
- Зақымдалған су мен тамақты тұтынғанда.
- Ашық жара мен күйген жерлер арқылы қанға микроб түскенде.
- Зақымдалған жәндіктер шаққанда.
- Ауру адамдармен, жануарлармен және зақымдалған заттармен жұғысқанда.
Қарсыластың биологиялық қаруды қолданғанын көзге шалынатын белгілері:
- Оқ-дәрі жарылған немесе генераторлар іске қосылған соң аэрозольді бұлт түзілуі.
- Арнаулы контейнерлердің, оқ-дәрінің және қару-жарақтың басқа түрлерінің қалдықтарының табылуы.
- Зақымдалған жергілікті жерге тән емес көптеген жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің пайда болуы.
Халықты биологиялық қарудан қорғаудың медициналық құралдары:
- Екпе – сарысу препараттары.
- Антибиотиктер.
- Инфекциялық ауруларға қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
- Биологиялық құралдарды залалсыздандыру үшін арнаулы химиялық заттар.
- Жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары.
- Жеке дәрі қобдишасы.
Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың (ящур), ірі қара обасының, шошқа обасының, сібір язвасының, маңқаның (сапа), жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары.
Өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, жүгері және басқа дақылдардың солу қоздырғыштары, өсімдіктердің зиянкес жәндіктері және басқа да химиялық заттар.
Бактериялар — өсімдік текті бірклеткалы микроорганизмдер. Төмен температураға төзімді, тіпті қатса да жақсы төзеді. Кейбір түрлері сыртқы ортада дезинфекциялау құралдарына төзімділігін күшейтетін қоғаныс қабықтар түзеді.
Вирустар — өте ұсақ микроорганизмдер. Бактериялардан өзгешілігі тек тірі организмдерде ғана өсіп көбейе алады. Кептіргенге, қатырғанға төзімді.
Риккетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы аралық жағдайдағы микроорганизмдер. Мөлшері мен бітімі бактерияларға жақын. Қарапайым бөлінумен өсіп-өнеді де, өздері зақымдаған органдарда ғана тіршілік етеді.
Бопалар – бір клеткалы және көп клеткалы организмдер. Кептіруге, күн сәулесінің және дезинфекция құралдарының әсеріне жақсы төзеді.
Токсиндер – кейбір бактериялардың тіршілік қарекетінің өнімдері. Кепкен күйінде токсинділігін бірнеше айға дейін сақтайды, сонын ішінде ботулизм токсині өте улы болып табылады және одан адам қатты уланады.
Сабақты бекіту -10 минут
І топ: Биологиялық қару тақырыбында постер жасау;
ІІ топ: Биологиялық қару зардаптарын атаңдар. Тарихи шолу жасау;
ІІІ топ: Жалпы зақымдау қаруларына салыстыру жасау. (Ядролық, химимялық, биологиялық).
ІV топ: Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттерін талдау;
V топ: Жаппай қырып жою қаруларын қолдануға қарсы үндеу жазу.
Қорытынды бөлім-5 минут
Парақша таратып оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау. «Кейін» бағанын толтыру.
Кері байланыс. Оқушылар сабақ жайлы өз пікірлерін магнитті тақтада ілініп тұрған ағашқа стикерлерді ілу арқылы білдіреді.
Үй тапсырмасы: Биологиялық қару және оның зақымдау әсерін оқу.
Оқушыларды бағалау. Топ көшбасшыларының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы.
Взводтың сапталуы және әскери қоштасу
Күндәулетов Нүркен Қайратұлы
І.Қабылов атындағы №12 орта мектеп
БӘД пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы