Home » Жаңалықтар » Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанстан-жаралы жүрек!» атты кездесудің мәліметі

Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанстан-жаралы жүрек!» атты кездесудің мәліметі

№9 орта мектепте 14.02.2018 күні мектептің кітапханасында Ауған соғысының аяқталуының 29 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы «Ауғанстан-жаралы жүрек!» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Ардагер ағаларымызды, құрметтейміз, олардың ерлік істерін мәңгі есте сақтаймыз. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы бастады. Кездесуге қатысқан: МЖШО-Жолмухамбетова Венера, ТЖО-А.Боранбаева және мектептің кітапханашысы — А.Тажимаганбетова.

Кездесуге келген Ауған соғысына қатысқан ардагерлер:

Ауған соғысы ардагерінің жетекшісі- Құлсариев Сәтбай Орынұлы.

Ауған соғысы ардагері- Ерғалиев Шапай Аймұратұлы.

Ауған соғысы ардагері- Надиров Кабул Умирбаевич.

Ардагер ағаларымыз балалаларға ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғалары жайлы, соғыстың қаншалықты ауыр,қиын екенін толық айтып түсіндірді. Оқушылар ардагер ағаларымызға ойландырып жүрген, көкейіндегі сұрақтарын қойды. Оқушылар өздерінің Ауғанстан соғысына арналған өлең-шумақтарын оқыды.

8 «а» сынып оқушысы Максетбай Айдәулет «Жұмыр қылыш» күйін тартты.Алламұратова Сағадат пен Досаева Диана және 5 «ә» сынып оқушысы Өтехан Балуанша соғыс туралы өлең оқыды. 8 «а» сынып оқушысы- Конурходжа Ерасыл «Кеңес» күйін орындады.

Сөз соңында, мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы ардагер ағаларымызға сыйлықтарын беріп, жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Өте әсерлі, тартысты сұхбат болды.

 

Ұйымдастырушылар: МШЖО Жолмухамбетова Венера Жумашевна,
ТЖО Боранбаева Айтгүл Өтесқызы,
Тәлімгер: Бупешова Асемгүл,
Кітапханашы: Тажмағамбетова Алмагүл

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.