Home » Балабақша » Ауылдас атқа мінсе…

Ауылдас атқа мінсе…

 

Жаңашылдықтың бастамасы, сағым толған сағыныштың сарабдалындай,  жүрегіңнің  жамалы, көздеріңнің нұры, сезіміңнің саңылағы болған Елорданың төрінде. Астана қаласының білім басқармасына қараысты №66 «Толағай» балабақшасында қалалық «кластер» өтті. Онда қасқыр болып ұлыдық, есіктен сығаладық, не керек аяғы жақсы тарастық.
      Таң қылау бере №66 балабақшаны бетке алдым.  Жылы жүзді Балабақша меңгерушісі Назкен Оңғарбекқызы көңілді қарыс алды.  Қонақ жаңғыз мен емес екенмін, ол жерде № 45 «Самұрық», балабақшасының меңгерушісі Құбажай Шаріпбекқызы бастаған серіктес № 41«Балдырған»  № 47 «Ақ желкен»  № 57 «Салтанат»  № 66 «Толағай»  № 74 «Даурен»  № 82«Айару»  балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері және тәрбиешілері бар болды.

Кластер тақырыбы «Арт-терепия әдістерін қолдана отырып, инклюзия топтарындағы балалармен жұмыс» деп аталған.  Көрейік, білейік, үйренейік дедік.  Арт терепия мен инклюзияны қалай байланыстырғанын шынымен де білгіміз келді.

«Құлаққа ұрған танадай» тыныштық жайлады. Шымылдықтың сол жағынан аяқ тықылын білдіртпей басып, сыры мен сымбаты келіскен, жауһардай дерсің мөлдір көз, қиғаш қастың өзі шықты. Түгелдей дерлік сол кісіге адам көрмегендей үңілдік. Біздерге жақсы хабар айтатындай жүзіде өзіне тартып тұрды. Майға салған қысықтай үн қатқанда. Енді ой жүзге емес сөзге  ауысты. Болатын іс шараның бағдарламасымен тыныстырып, кезекті көрісіті хабарлады. Бұл кісі № 66 балабақшасының әдіскері  Жақыпбекова Жазира Нұрғарақызы.

Инклюзия тобындағы балалармен   «Жеті лақ» ертегісін сомдау жобасын тәрбиешілер Рахила Тұрдыбайқызы,  Айгүль Кенесханқызы,  «Музыканың бала психологиясына әсер ететін факторлары» Музыка терапия бағытын  Нұрсұлтан Бауыржанұлы, «Табиғатқа саяхат» тақырыбындағы фото терепия бағытын  Айжан Акимжанқызы, Жанна Мұратқызы,  «Сиқырлы құмдағы ертегі» балалармен құм арқылы ертегі құрастыру жайын Жанна Серікқызы, Үпілхан Алмагүл, «Би терепиясы» балалармен жұмысын Тынышкүл Нұржанқызы Гульжан Аспанқызы, «Дені саудың —  жаны сау» дене бағыты терапиясын Гүлнар Сақтағанқызы жетекшілік етіп жобаларын тәжірибе алмасу ретінде көпшілікке көрсетті.

Осындай ұшан теңіз жасалып жатқан жұмыстың куәсі болдым. Артықшылық, кемшілік әркімде болады. Деседе, қалай аяқтағанда емес әрекеттеріне тәнті болдық. Осындай ымыра бірліктегі ұжымды басқарып, әрі ұйымдастырып  отырған балабақша меңгерушісі  Назкен Оңғарбекқызна тілегімізді айттық.

Қуантай Амантайұлы
Астана қаласы,
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.