Home » Балабақша » «Z» ұрпағына адамгершілік патриоттық тәрбие беру

«Z» ұрпағына адамгершілік патриоттық тәрбие беру

2019 жылғы 14 наурызда Астана қаласы әкімдігінің №24 «Айналайын» балабақшасында «Патриоттық-адамгершілік тәрбие» кластерінің аясында ««Z» ұрпағына адамгершілік патриоттық тәрбие беру» атты семинар өтті. Семинардың басты мақсаты заманауи балаға патриоттық-адамгершілік тәрбие беруде балабақша мен ата-ана арасындағы  ықпалдастықты орнату.

Балабақша меңгерушісі Макишева Клара Боранбайқызы  қараша айында Назарбаев Университетінің «Мектепке дейінгі ұйымдардағы көшбасшылық» атты біліктілікті арттыру курсында жаңашыл әдістемелермен танысып, «Z» ұрпағының ерекшеліктеріне назар аударған. Осылайша кластер мен балабақша жұмысын курстан алған жаңашылдықпен үштастыра білген. Міне, соның жемісін осы семинардан көруге болары сөзсіз.

Семинар модераторы балабақша әдіскері Айгерім Сұлтанғазина ең алдымен семинарды ашу сөзін Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының мекепке дейінгі бөлімнің әдіскері Райгүл Гельманқызына ұсынды. Райгүл Гельманқызы өз сөзінде Астана қаласының балабақшалары былтырғы оқу жылынан бастап кластерлерде  жұмыс жүргізіп жатқындығын, соның ішінде адамгершілік-патриоттық тәрбие кластерінің еліміздің болашағы, жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде алар орны зор екендігін айтты.

Семнар бағдарладамасына сәйкес «Қазақ психология қоғамы» РҚБ Астана филиалының директоры Тойшыбекова Майра Қанапияқызы ата-аналар мен педагогтар арасында «z», «х», «у» ұрпақтарының ерекшеліктеріне тоқталды. Әр кезеңге жататын ұрпақтардың қарым-қатынастарының кемшіліктері мен жағымды жақтарына, сонымен қатар жаңа заман баласы мен ата-ана арасындағы түсініспеушіліктерді қалай жоюға болатындығына назар аударды.

Семинар ұйымдастыру кезінде кластер ішіндегі балабақшалардың педагогтарының бір-бірімен озық тәжірибелерімен алмасу және шеберлік сыныптарын өткізу дәстүрге айналған. Озық тәжрибелерімен бөлісуге балабақшаның жоғары санатты тәрбиешілері Тойғанбаева Гүлнәр Жұмабайқызы мен Жұбатова Сәбира Алмұратқызы шеберлік сыныптарын өткізді. Гүлнәр Жұмабайқызы балабақшада  ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізу барысында қолдануға ыңғайлы «Лэпбуктер» арқылы патриоттық тәрбие беру жолдарына тоқсалса, Сәбира Алмұратқызы патриоттық-адамгершілік тәрбие беруде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына тоқталды. Семинарға жиналған ата-аналар да педагогтер де ерекше ынталарымен тапсырмаларды орындап, өз әсерлерімен бөлісті.

Бала тәрбиесінде ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынастың алар орны бөлек. Ал осы қарым-қатынасты орнатуда балабақша психологінің атқарар рөлі де зор. Балабақшаның педагог-психологі Дуамбекова Әлия Сәрсенбайқызы «Отан — ата-ана мен бала көзіне қалай көрінеді?» деген сауалға жауап алу мақсатында арттерапия элементтерімен байланысқан психологиялық тренинг өткізді.

Семинар соңында кластер ішіндегі серіктес балабақшалардың меңгерушілері А. Джуматаева,  Г.Ильясова,  А.Кусаинова,    Т. Гусманова,     Л. Дюсенгазина,  Г.Ташмаганбетова  пікірлерімен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан №24 «Айналайын» балабақшасы ұжымына шығармашылық табыс пен жүрегі Отан деп соғар шәкірт тілейміз.

Астана қаласы, Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.