Home » Мақалалар » Астанаға 20 жыл

Астанаға 20 жыл

Талай жылдар ата-бабаларымыздың арманының  жүзеге асқаны, жемісі, қазіргі- Астана. 1998 жыл, бір қарасаң аз уақыт емес, кеше болған кез секілді, бірақ 20 жыл өтті. Осы жылдар ішінде қаламыз бой көтеріп, әлі де қалыптасу мен гүлдену кезеңдерінен өтуде. Біздің әсем қаламызды «Бейбітшілік қаласы» деп бекер атамаған, мұндағы тұрып жатқан халықтар өте бейбіт. Қай ұлттың өкілі болсаң да, наурыз мерекесін барлығымыз қосылып тойлаймыз.

Әлем астанасы атанған Астанамыз 20 жасқа толып отыр. Бұл қысқа мерзім ішінде біз технологиялар мен медицина, оқу мен білім, спорт пен өнер, қолөнер, шығармашылық жағынан да өзімізді көрсеттік. “Астанам мәңгі жасай бер!”- бұл әр қазақстандықтың ән ұранына айналып кеткен. Ару қаламыз әлемінің басқа қалаларынан да кем түспейді. Балық іздесең Думанға барасың, ойын сауық орталығы — Мега, футбол көргің келсе теңдесі жоқ стадион — Астана-Аренаны таңдаймыз. Әсем биік ғимараттар мен кешендер өте жоғары қарқынмен дамып салынуда. Астанамызды алып шаһар ретінде: бейбітшілік пен келісім сарайы, жастар сарайы, пирамида, қазақ елі, хан шатыр тәрізді зәулім ғимараттарымен таныды.

Артта қалған жылдарға қарасақ, әр өткен жыл өте бір Астанаға елеулі оқиғамен толы. 2000 жыл — Мәдениетті қолдау жылы; 2001 жыл — Тәуелсіздігімізге 10 жыл толды; 2002 жыл- Қаламыздың ең ғажайып, әсем мұнарасы — Бәйтерек бой көтерді. Дәл осында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи қолтаңбасы қойылған.  2005 жыл- әр мемлекет басшылары қатысқан саммит өтті; 2010 жыл — ЕҚЫҰ саммиті; 2012 жыл- Астанамыз, еліміз үшін маңызды оқиға болды: спортшыларымыз Қазақстанымыздың атын әлемге шығарып, Лондоннан алтын медальдармен оралды; 2015 жыл — Қазақ хандығының 550 жылдығы, ата заңымыздың 20 жылдығын, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі сияқты ауқымды шаралар өтті;   Бабаларымыздың аңсап кеткен жері-Астанада 2017 жылы — тарихымызға елеулі оқиға болды. Осылайша әлем танитын астанаға айналдық. Халық тұрғындары да көбейді.   Халықаралық деңгейдегі  «Eхро 2017 future energy»  көрмесі өтті. Бұл көрменің Астанамызда дүркіреп өтуі елімізді ғана емес, әлемді дүр сілкіндірді.

Астана- біздің Қазақстанның жүрегі. Тәуелсіздігіміздің жемісі. Егер тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ онда,  Астананың нұрланып, көтерілуі, әлемдік аренаға шығуы, барлық қиыншылықтардан өтуі тек Елбасының арқасында. Қорыта айтқанда, Астана —  Елбасымыздың әлдилеп, аялап өсірген баласы секілді. “Елу жылда — ел жаңа” — дегендей, Астанамыздың 50 жылдығына дейін де аз уақыт қалған жоқ. Енді оны ары қарай дамытып өсіру біздің қолымызда.

 

                                                                                                             Умуртаева Динара Коблановна                                                                                        Ақмола облысы, Астрахан ауданы
Астрахан №1 орта мектебі
11 сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.