Home » Балабақша »    «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!»

   «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!»

       «ҚАЗАҚСТАН-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕНІ»

Бүгін, 16.03.2019жыл. Астана қаласы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте  Наурыз мерекесіне байланысты 6-7 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Ал,қанекей, Аналар!» атты байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: мектеп пен  ата-аналар арасында мәдени  қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін атап өту.

Байқауға ұстаздар, ата-аналар,оқушылар, Республикалық «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы қатысты.

Байқаудың  бағдарламасы:

1.«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
2.  «Көтерейік көңілді ән-жырменен» (ән, би,жыр оқу)
3. «Білгенге маржан» (мақал-мәтелді жалғастыру)
4. «Өнерлі саусақтар» (шаш өру, сәндеу )
5.«Ұлттық тағам» айдары  ( ұлттық тағам түрімен таныстыру)
6. «Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру)

Нәтижесінде, байқауға қатысқан барлық аналар номинациялармен марапатталды.

1.Қалыбаева Жаңыл  Әбдімұратқызы- «Дана ана» -6 «А» сынып оқушысы Төремуратова Жұлдыздың әжесі.

2.Нұрбаева Арайлым Уәлиханқызы- «Aқылды ана»- 6 «А» сынып оқушысы Болатбек Бекжанның анасы.

3.Алмұсаева Зәуре Мұсабекқызы- «Ең мейірімді ана»— 6 «Ә» сынып оқушысы Алмұсаева Аружанның әжесі.

4.Камандир Айкерим-«Шебер ана» -6 «Б» сынып оқушысы Орданбекұлы Нұрмұхамедтің анасы.

5.Қожанова Гүлжамал Ақанқызы- «Сабырлы ана» -7 «А» сынып оқушысы Сейсембекова Адияның әжесі.

  1. Дюсебекова Мара Аманжолқызы- «Сүйкімді ана»— 7 «А» сынып оқушысы Қозыбағар Әлидің әжесі.

7.Рахимбаева Сәулегул – «Өнерлі ана» 7 «Б» сынып – оқушылар Кеңес Арайлым, Шырайлымдардың анасы.

 

Мереке соңында мектеп директоры Айтмұхаметова Балжан Қайыртайқызы барлық ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтап, өз алғысын білдірді.

    «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстың ерекше түрі көңілімізге қуаныш ұялатты, дей отырып сәттілік пен құттықтауын арнады.

Қоғам дамуында, біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылықты бала бойына сіңіруде осындай игі істерді жиі өткізу  қажет-ақ.

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт дарытып, бала бақыты үшін жасалып жатқан істер жалғасын тапсын!

 

     Жусипова Гаухар Жетебайқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.