Home » Балабақша » Күншуақтың шуақты күні

Күншуақтың шуақты күні

Алғашқы көктем айының он бесінші жұлдызында, Астана қаласының білім басқармасына қарасты № 3 «Күншуақ» балабақшасына күн ерекше түсіп, шуағын қала көлеміне шашты десек артық болмас. Олай дейтініміз аталмыш балабақшада тәжірибе алмасуға бағытталған кластер өтті. Басқалардан ерекшелігі «Қазіргі замандағы балабақшада көптілді білім беру» деп аталыпты.  Ондағы мақсат көптілді оқыту міндеттерін іске асыру жағдайында білім беру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін мұғалімдердің әдістемелік дайындығын жетілдірге бағытталған.

Бұл кластер төңірегінде №3, 4, 27, 33, 39, 44, 46, 79 балабақшалары біріктірілген. Семинарға осы аталмыш мекемелердің меңгерушілері мен әдіскерлері сондай ақ қазақ тілі мен ағылшын тілінің мұғалімдері, тәрбиешілері қатысты. «Күншуақ» балабақшасының әдіскері Е.В.Папова «Көптілді кеңістік жағдайыбойынша өздерінің жұмыс тәжірибесінің тұсаукесерін жасады. «Қазіргі замандағы балабақшада көптілді білім беру» жайында бейнеролик көрсетілді. Балабақша психологы Жантасова ханымның ұйымдастыруымен «өзіне сенімділікті арттыра отырып, топқа жағымды әсер қалдыратындай әрекет жасап, ынтымақастықты асыратын  «Оң көзқарасты қалыптастыру — Позитивный настрой» жұмысын жасады. Келесі кезекте «Наурыз – жыл басы» шеберлік сыныбы болды. Ол сабақты Раметова С, Сабитова Л, Иманкулова Э бірлесіп жүргізді. Соңында  Халонская В өз тәжірибесінен «Үш тілде сөйлейміз – Говорим на трех языках»  таныстырылымын жасады.

Астана қаласы,
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.