Home » Балабақша » Армансыз адам – қанатсыз құспен тең

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең

— Құрметті Жазира Бейсенқызы, оқырмандарымызға өзіңізді таныстыра кетсеңіз…
— Мен Бейсен Жазира Бейсенқызы Алматы облысы, Райымбек ауданында 1978 жылдың 8 қаңтарында дүниеге келдім. Ата-анамның жүректеріне жылу, жүздеріңе күлкі ұялатып, бүкіл әлемге жарық сыйлағандай, туыстарыма да қуаныш сыйлап осылай өмірге келдім. Сөйтіп әкем мен анам келісі менің есімімді туған жерімнің дархан даласындай, жазиралы жерінің кеңдігіндей, жүрегім жұмсақ, мінезім көркем, еңбекқор қыз болсын деп есімімді Жазира қойыпты. Иә, әрине бақыттың балын татып, баянды өмір сүру үшін ең бірінші балаға өзінің отбасы, жанына жақын жандардың ортасында өсуі. Мен де осындай бақытты отбасында, ата-анама еркелеп өстім. Сөйтіп 1985 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1995 жылы тәмәмдадым.

— Жазира Бейсенқызы олай болса сол мектептегі оқушы кездеріңізді естеліктеріңізбен қызықты сәттеріңіз болса бізге де айтып берсеңіз артық болмас еді.
— Әрине мектептегі оқушы кезім әлі де көз алдымда. Бірге оқыған сыныптастарым, жүрегімді білім нәрімен  сусындатып, үлкен өмір жолына аяқ басуыма себеп болған ұстаздарым да көз алдымда. Дегенмен, мектепте бәріміздің басымыздан неше түрлі қызық оқиғалар өтеді. Мен мектепте өте белсенді болдым, іс – шараларға қатыстым. Бірақ, өзіме  қызық есімде қалғаны мен үйде көп сабақ оқымайтынмын. Мектепте мұғалімдер қалай түсіндіреді, ертесіне соны болжытпай айтып беретінмін. Есте сақтау қабілетім өте жақсы болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін өте сүйіп оқыдым.

— Оқу- ғылым еңбек жолыңыз?
— Әрине 11 сыныпты ойдағыдай аяқтап,арман қуып алматыға келіп жаңа өмірге үлкен еңбектің басын бастауға білімімді жалғастырып,өмірімді ұштастыруға себеп болған Есік гуманитарлық педогогикалық колледжі еді.
1996-1999 жылдар арасында оқып, бітіріп шықтым. Сөйтіп ең алғаш 1999 жылы Райымбек ауданында Түменбай бастауыш мектебінде еңбек жолымды бастадым.Мен үшін  өз ауданымда,өз ауылымда қызмет ету үлкен мәртебе болды. Ешқандай қиындықсыз «Ұстаз» өміріне үйрене бастадым.
Ұлы жазушы М.Әуезов атамыздың «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар.Ең әуелі ниет керек,одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек»деген жақсы сөзін көкейіме тоқып,көңіліме сендіріп еңбек етуді ұйғардым. Бәріміз білеміз барлық жақсылықтар, игі істер, биік армандар, үлкен мақсаттар,адал еңбек, мықты күш-жігердің, шаршамай, талмай еңбек етудің арқасында келетінін. Мен де осы қағидаларды жаныма серік етіп, жүрегімді тыңдап, ақыл оймен жеткізіп жұмысымды жасап келдім. Одан кейін 2001-2003 жылдар аралығында Алматы қаласы №139 балабақшада тәрбиеші болып істедім. 2003 жылы Талғар қаласындағы №8 балабақшада тәрбиеші және әдіскер жұмысын атқардым. 2015 жылдың қарашасынан «Аружан-2015»балабақшасында меңгеруші болып жұмыс атқардым.Қазіргі уақытта «Премиум-Талғар»балабақшасында меңгеруші қызметін атқарып жатырмын.Әрине меңгерушілік тек лауазым,бедел ғана емес. Белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді.Оның идеалық ықпалы,сенімі мен жеке басының үлгісі,сынай білу және сынды қабылдай білуді,ұжыммен қарым қатынас этикасы, логикалық, сыни, жүйелі ойлау қабілеті болуы тиіс деп мен өзіме әр кез есеп беріп,өз тәжірибеме көз жүгіртем.Сондықтан да әрбір адал еңбектің арқасында жақсы күндер көп болады деп ойлаймын.

— Кешегі бала, бүгінгі (қазіргі) армандарыңыз?
— Өз арманым туралы айтып өтетін болсам,менің армандарым көп,саралай отырып,ең бастысын айтсам, жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен,жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін. Сол жағдайда ғана барлық армандардың армандары орындалады. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» дегендей әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай,менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол- ұстаз.
Бала күндерімнен бастап, мұғалім болып ойнап, есейе келе, бұл арман алға қойған  мақсатыма айналды. Мақсатқа жету әркімге әрқалай. Алдыңа қойған мақсаттарыңа жету үшін тынбай еңбек ету керек. Көптеген кедергілерден өтесің,еңбек ету арқасында қол жеткізу өзіңнің кім екеніңді көрсете білу деп ойлаймын.

— Мамандығыңыздың басқалардан айырмашылығы яки ерекшелігі?
— Мен енді мамандығыма келетін болсам,таңдауымды қателеспедім деп анық айта аламын. Өйткені жаңа айтқандай мен бала кезден өзімді болашақ ұстаз ретінде көрдім. Мен үшін ұстаздардан асқан мамандық, мәртебе болмаған сияқты. Ерекшелігіміз де сол шығар. Әрбір баланың жүрегіне жол тауып,жан-жанты қырынан қарап, тіл табысып,тәрбиесіне мән беретін. Осы мамандықта жүріп,сан қилы балапандармен жақын да жан-жақты жұмыс істеп жүріп өзімді де шыңдай түскенім анық. Шыңдалған шыңға шығасың демекші әр кезде тынбай еңбек етіп,ізденгеннің арқасында әдіскер, меңгеруші болып, жұмыс атқарып та жүрмін ғой. Ең басты айта кететін мен ең алдымен кез-келген істі бастамас бұрын өз алдыма мақсат-міндеттер қойғанды дұрыс көремін. Айтар болсам, іскер,тіл табатын бастамашыл, батыл, жауапты, денсаулығы, эрудициясы, тәжірибесі болу керек. Мақсат міндетін, стратегиясын, талабын білуі керек.
Басқаруды, басқарудың әдіс-технологиясын, істі ұйымдастыру,қаржы басқа да мәселе шешуде өзін жетілдіруді игеру керек. Жұмысты жоспарлау, шешім қабылдау,т әуекелге бару, ықпал ету, жасай білу керек дегендей.

— Өткен өміріңіз қайта оралса осы тағдырды тағы таңдайтын ба едіңіз?
— Иә, әрине таңдаймын. Еш ойланбастан таңдайтын едім. Өйткені, мен тағы да айтқым келетіні еш уақытта өз тағдырыма, жүрген жолыма, өткен өміріме өкінген емеспін. Бәрі де әуелі Алланың одан кейін өз қалауыңда емес пе? Сондықтан да тек жақсы ойлар ойлап болашақтан үміт үзбеу керек. Талпынған жетер мұратқа деп өз тағдырымызға риза болып, алысты армандап жақындағына жадыңа түйіп, алға ғана талпыну керек.

— Бойыңыздағы жақсы,жаман жақтарыңыз?
— Енді әрбір адам баласы дүниеге келген сәттен-ақ өзінің бойындағы мінез-құлқымен,өңірге қарай бейімделеді деп ойлаймын.Менің жақсы қасиетімнен бастасам,мен адамдардың көңіліне қарап сөйлеймін.Дегенмен де тура айтқан туысына жақпайды демекші,ойыма келгенде іркілмей төтесінен айтамын. Әр адам өзінің жаман қасиетін көрмейді ғой.

— Мақсатыңыз бен ұстанымыңыз қандай?
— Үнемі жаңалыққа ұмтылып,алдыңға қатардан көріну және әрбір алдыма келген адамның бойынан жақсылық тауып,биік мақсаттарға жетелеу.

— Балалармен қарым-қатынасыңыз қандай? Мақтап атай алатын шәкірттеріңіз. Бастан өткен қызықты оқиғаны баяндасаңыз да болады.
— Балалармен қарым-қатынасым өте тұрақты. Балалардың тілін тез тауып,ойларын оқып,көздегенін беруге үйренгенмін. Енді біздің саламыз балалармен тығыз байланыста болғандықтан жан-жақты жұмыс істеуге дайынбыз. Мақтан тұтар шәкірттеріміз өте көп. Қызықты оқиғалар да көп кездеседі.

— Тәрбиеші өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен  ісін атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. — Тәрбиеші әрқашанда қоғам талабына сай үздіксіз  қабілеті бар, өз ісін жетік білетін маман.

— Балақайлардың бал қылығы есте қалатын сәттері мен бөліссеңіз.
— Осы уақытқа дейін сан түрлі балалармен жұмыс жасап, неше түрлі қызығы мен қыйындығы көп күндерді өткіздік. Есте қалатын сәттер өте көп. Ең бастысы алдымыздағы әрбір балапандарымыздың жақсы жемістерімен, әдемі күлкілерімен, тәтті қылықтарымен есімізде қалады.
— Сұхбатымыз сәтті өтті деп ойлаймын. Баянды ғұмыр, еңбегіңізге зор жетістік тілеймін!

                                             Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.