Home » Жаңалықтар » Ардагерлерді ардақтайық

Ардагерлерді ардақтайық

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар және саптық бөлімше бастығы аға лейтенант Қайрат Мусурманұлы Исаев, басқарма бастығының көмекшісі (әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі) Лаура Пернебекқызы Алжанова заңды тұлғалармен біріге отырып Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап алғыс хат, гүл шоқтары және сыйлықтар тапсырды.

Соғыс ардагерлеріне қанша алғыс айтсақ та, көп болмайды. Ол кісілердің жастары 95 пен 100 жас аралығында. Денсаулықтарының нашарлығына қарамастан, ардагерлер біздің қызметкерлердің құттықтап келгеніне қуаныштарын жасыра алмай орындарынан тұрып құрмет көрсетті. Өздерінің бастарынан өткен қиыншылықтардан азғантай үзінді айта отырып көздеріне жас алып өткен күндер қиыншылықтары болмасын, кейінгі ұрпақтарына қазіргі уақытта тыныш, бейбіт Қазақстанда еркін өмір сүргендерін тілейтіндерін айтты.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшылықтарына алғыстары шексіз екендерін де жеткізді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар және саптық бөлім бастығы,
аға лейтенант Қайрат Мусурманұлы Исаев

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.