Home » Жаңалықтар » 5 күндік оқу – далалық жиыны

5 күндік оқу – далалық жиыны

2019 жылдың мамыр айының 13 – 17 аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан орта мектептерімен және лицейлердің 10 сынып оқушылары ер-балалары бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдері және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдігінен кадрлар және саптық бөлім бастығы аға лейтенант Қайрат Мусурманұлы Исаевтың қатысуымен 5 күндік оқу – далалық жиынының жабылу рәсімі өткізілді.

Оқу, дала жиынында батальондар жақсы  дайындық жұмыстарын жүргізді. Әскери-патриоттық  тәрбие жұмыстары  қала әкімдігі бекіткен жоспарға сәйкес жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
Батальондардың жеке құрамдарына Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының мәні мен мақсаты насихатталып, «Туған елім-Қазақстан», «Сенің құқығың  және жауапкершілігің» атты тәрбие сағаттары, әскери әндерді орындау, сурет салу байқаулары өткізіліп спорттық іс-шаралар да жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес 15 мамыр күні Нұр-Сұлтан 68665 десанттық шабылдаушы әскерлері  әскери бөліміндегі әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілердің өмірлері мен тұрмыстық жағдайларымен және де әскери техникаларымен танысты.
5 күндік дала жиынының бітуіне байланысты ағымдағы жылдың  17 мамырында Жер – Ана монументінде салтанатты мерекелік жиыны өткізілді.
Әскери дайындық пәні мұғалімдері  лауазымдық міндеттерін адал орындағаны, қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен, қойылған тапсырмаларды орындауда ынталы-жігерін танытқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының грамотасымен марапатталып әр батальонда взводтар, роталардың жеке құрамдары да  рейтингті параметрлер бойынша бақылауға алынып, алғыс хат, грамоталарымен марапатталып және  1, 2, 3 орын жүлделеріне ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының
кадрлар және саптық бөлім бастығы,
аға лейтенант Қайрат Мусурманұлы Исаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.