Home » Мақалалар » Анар Елеусізқызы. Сәлем бердік, жас Наурыз!

Анар Елеусізқызы. Сәлем бердік, жас Наурыз!

       

  Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан-белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен мейірім-шапағатқа баурайды. Наурызда ұлттық тәрбие мен ұлттық болмыс жатыр. Дәл осылай Наурыздың астарынан терең мән мен мағына бар екендігін оқушыларға түсіндіре отырып «Сәлем бердік, жас Наурыз» атты мерекелік шара ұйымдастырған Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы № 4 орта мектептің 1 «А» сынып жетекшісі Абдрахманова Мейрамкүл Сағымбайқызының қуанышында шек жоқ. Себебі бұл сынып оқушылары үшін алғашқы Наурыз, алғашқы Наурыз көже.
Наурыз мерекесін төс қағыстырып көрісуден бастаған ұлттық нақышта киімдер киген оқушылар Наурыз мерекесі туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп тіпті Наурыз мерекесіне арнап сахналық көріністер қойып көрермендерді тәнті етті. Одан әрі ұлттық ойындар ойнап, күш сынасып Наурыз мерекесінің көркін қыздыра түсті.  Сонымен бірге Қорқыт ата атындағы мемлекеттік Университетінің машықтанушы студенті Алтынбекова Ұлданай Жаңабайқызы ұйымдастырған «Сыйқырлы орамал» ойыны арқылы сынып оқушылары түрлі сұрақтарға жауап беріп қатысушы ата-аналарына мектепте алып жатқан білімдерін көрсеті білді.
Талай шәкіртті 1 сыныпқа қабылдап, талай шәкірт ұшырған Мейрамкүл Сағымбайқызы биылғы шәкірттеріне өте риза. «Биылғы шәкірттерім өте алғыр. Барлығы білімге,өнерге құштар, қызығушылықтары басым.»-деп қуанышымен бөлісе білді. Әрі қарай оқушылар жеті түрлі дәм қосылып әзірленген Наурыз мерекесінің ең басты тағамына айналған Наурыз көженің құрамымен танысып, дәм татты. Қазақтың ұлттық тағамдарынан  дәм татқан оқушылар да риза.

 

 

 

                                                                                          Анар Елеусізқызы,
Білім айнасы
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.