Home » Мақалалар » «Алғырлар -2018» қалалық фестивалі өтті

«Алғырлар -2018» қалалық фестивалі өтті

Қарағанды қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білімдар оқушылар арасында «Алғырлар» сайысын өткізу жылдағы дәстүрге айналған. Биыл «Алғырлар -2018» қалалық фестивалі Қарағанды қаласындағы №23 ЖББО мектепте өтуде. Мұнда 67 мектептен жиналған оқушылар үздік зерттеу жобаларын ұсынып кім мықтыны анықтайды. Қатарынан сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған білім бәйгесінде қозғалған тақырыптар сан алуан. Бұл Қарағанды қаласының инновациалық, эксперимендалдық  және  жалпы орта білім беретін  мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтаудың бір тәсілі.
Оқушылар қала экологиясын жақсарту, энергия үнемдеу, спорт саласын дамыту сынды бағыттарда жобаларын ұсынуда. Жалпы қатысушылар 6 секцияға бөлінді.Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивалде жыл санап қатысушылар саны артып келеді. Оқушылар шара барысында мектептегі тарихи өлкетану мұражайымен танысты. Ал шара соңында жеңімпаздар Қарағанды қаласы білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.