Home » Жаңалықтар » Айғаным Абу-Дабидегі американ университетіне оқуға түсті

Айғаным Абу-Дабидегі американ университетіне оқуға түсті

Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне кезекті шәкіртіміз оқуға түсіп отыр. Мектебіміздің мақтаулы оқушыларының бірі –Айғаным Хамитханова «SAT Reasoning» және «IELTS» халықаралық емтихандарының нәтижесінде әлемдегі рейтингі жоғары оқу орнына қабылданды. Осылайша, ата-анасын ғана емес өзі білім алатын мектеп ұжымының мерейін өсірген ол болашағын әлеуметтік зерттеулер саласына арнамақшы.

— Былтырғы жылдың қараша айында  ағылшын тіліндегі халықаралық тестілеу жүйесіне қатысып (IELTS), тиісті 9.0 балдың 7,5 –ін жинасам, желтоқсан айында Астана қаласында өткен академиялық бағалау тестінен (SAT Reasoning) 1600 балдың 1430 – на қол жеткіздім. Осы көрсеткіштерім бойынша берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, емтихан нәтижелерін Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне жолдаған едім. Араға уақыт салып, университет мені тиісті мамандармен сұхбаттасуға шақырды. Жалпы білім деңгейімнің көрсеткіштері бойынша оқуға қабылданғаным жайлы бүгін естідім. Өте қуаныштымын. Ата-анам да дән риза. Кеше әкемнің туған күні өткен, тамаша сыйлық жасадым деп ойлаймын, -дейді Айғаным.

Аталған оқу орнын таңдауына өзге мемлекеттердің тарихымен, мәдениетімен жақынырақ танысу және академиялық ұтқырлық бағдарламасымен жұмыс істейтіндігі басты себеп болған.

Болашағынан мол үміт күттіретін оқушымыз университеттегі «Әлеуметтік зерттеулер және қоғамдық саясат» мамандығын таңдаған екен. Арманы – БҰҰ Қазақстандағы филиалында жұмыс істеу.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.