Home » Айтарым бар » «Айгүл» балабақшасына 10 жыл

«Айгүл» балабақшасына 10 жыл

                                                                                                    

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «Айгүл» балабақшасының ашылғанына биыл 10 жыл. Атаулы балабақша 2007 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасайды. Балабақша ашылған сәттен меңгеруші қызметін атқарып жүрген білікті басшы — Турежанова Гулмира Нурмаханқызы. Кезінде 13 педагогпен жұмыс бастаған балабақша қызметкерлері бүгінгі таңда 19-ға жетіп, 150 бала тәрбиелеп отыр.

Яки Оңтүстік Қазақстан облысында аталмыш балабақшаның жеткен жетістіктері ұшан-теңіз. Атап өтсек, балалар байқауы «Айгөлек» фестивалінен 1-орын, «Жігіт сұлтаны байқауынан 1-орын, «Көктем аруы» байқауынан 1-орын алған. Сонымен қатар, бақша балалары «Тіл», «Сиқырлы қыл қалам», «Толағай» сайыстарының жүлдегерлері. Тәрбиешілер арасында өткен «Үлгілі кәсіподақ», «Үздік балабақша педагогы» сайыстарының жүлделі орындарын мекеме қызметкерлері иеленіп жүр.

Балабақшадағы ұстаздар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жақсы жұмыс жасап жатқанын да тілге тиек етсек болады. Осы орайда, бала тәрбиесі туралы балабақша меңгерушісі Гулмира Нурмаханқызы өз ойын айта кетті:

— Қазіргі таңды балалардың ой өрісі дамыған, “жаңа инновациялық заман” дейміз. Баланың білімінің дамуы, әлбетте тәрбиешіге байланысты. Десек те, тәрбиеші ата-анасындай болмайды, «жұмысбасты екенмін» деп бала тәрбиесіне немқұрайлылықпен қарауға болмайтыны белгілі.

Бұған қарамастан балаға ерекше ден қойып, атсалысып жүрген қызметкерлердің бірі әрі бірегейі – әдіскер Нұртазаева Гүлнұр Абитаевнаны ерекше мақтан тұтамын! Баланы жанындай жақсы көретін Гүлнұрды әрдайым демеп жүреміз. Шынтуайтында, меңгерушіден кейін ауыртпашылық әдіскерге жүктеледі. Сол ауыртпашылықты көтере білетін  адам ғана жоғарғы лауазымға ие болып, биік белестерді бағындыра алады. Қорыта айтқанда, әріптестеріммен мақтанамын! – деп әңгімесін қысқа қайырды.

Мейірім және сүйіспеншілікті жаны қалайтын Гулмира Нурмаханқызының жұмысына табыс, отбасына бақыт, деніне саулық тілейміз! «Айгүл» балабақшасының ғұмыры ұзақ болсын!

Абай Сәдібекұлы

«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.