Home » Жаңалықтар » АЙБЫНДЫ АРМИЯҒА – ЖАЛЫНДЫ ЖАС ҰЛАН

АЙБЫНДЫ АРМИЯҒА – ЖАЛЫНДЫ ЖАС ҰЛАН

Ел қауіпсіздігінің бір белгісі — қуатты армия. Елбасы өз сөзінде: «Ел болу үшін — ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек» — деген болатын. Сондықтан жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында алғашқы әскери дайындық пәнінің әскери патриоттық жоспарына сәйкес 2017 жылдың ақпан айының 18 күні №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 8 «А, Ә, Б», 10 «А», 11 «А» сынып оқушыларымен «Айбынды армияға – жалынды Жас ұлан» тақырыбында әскери-патриоттық іс-шара өткізілді. Ондағы мақсат — оқушыларды Қазақстан Республикасын Қорғаудағы азаматтардың Конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, «Айбынды армияға – жалынды Жас ұлан» деңгейінде қажетті білім мен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты өз елінің патриоты мен  ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Осы іс-шараға бірқатар лауазымды басшылар шақырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары полковник Артыков Ғани Асылбекович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының әскери патриоттық жұмысы жөніндегі көмекшісі полковник Айтпаев Алтай Тұрғынбекович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы әскери полициялар мамандарын даярлау орталығының басшысы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы, Біріктірілген әскери полиция ардагерлерінің атқарушы директоры запастағы подполковник Адилов Долқын Нұрұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Астана қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс бөлімінің басшысы капитан Джусупов Ерболат Мубаракович, Астана қаласындағы армия генералы Сағдат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектеп басшысы капитан Босаев Марат Амантаевич және де армия генералы Сағдат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұландары келді.

 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің
 алғашқы әскери дайындық
пән мұғалімі Уисинбаев Сейлхан Темирханович

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.