Home » Айтарым бар » Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

«Тілдер мерекесіне» орай Абай қаласы «Аққу» бөбекжай-балабақшасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты мерекелік іс-шарамыз сайыс түрінде атап өтілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндеріміздің санасына Қазақстанымыздың көп ұлтты мемлекет бола тұра, ұлтқа, ұлысқа бөлінбей, бір атаның баласындай, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын көрсету еді.

Мерекелік іс-шарамызға бөбекжайымыздың ортаңғы және ересек тобының балалары қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, сайысқа түсті. Сайыс барысында балаларымыз әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарымен таныстырып, би өнерлерін ортаға салып, үш тілде берілген сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында әділ қазылардың шешімі бойынша, қатысқан барлық топтар жүлделі орындарға ие болды.

Атап өтер болсақ, «Құлпынай» тобы Татар халқының салт-дәстүрін көрсете отырып III орын, «Күншуақ» тобы Қазақ халқының өнерін көрсетумен II орын, «Ертөстік» тобы Украина халқының өнерін насихаттап I орын жүлдегері атанды. Ал, сайысымыз межелі мәресіне жетіп, көрерменді өнерімен тәнді қылып, бас жүлдеге ие болған – менің сұлу да талантты, қыздарым мен сері ұлдарым бастаған «Құлыншақ» тобы болды.

Бұл жеңіс біз болып, ата-ана болып бірлесе атқарған жұмысымыздың жемісі деп білемін. Бізге көмектесіп, балаларының өнерге деген қызығушылығын бағалап, қол ұшын берген ата-аналарымызға «Құлыншақ» тобының тәрбиешілері атынан, алғысымыз шексіз.

Турхаева Сауле Римбаевна

«Аққу» бөбекжай тәрбиешісі

Қарағанды облысы, Абай қаласы

     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.