Home » Спорт » Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шара

Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шара

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының идеясымен Сарыкөл ауданындағы «Батыр» стадионында денсаулық күніне орай мектепішілік жарыс өтті.

Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында “…Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Ново-Урицк орта мектебінде дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен Денсаулық күні өтті. Жарысқа 4-11 сыныптары және мұғалімдер белсенді қатысты. Барлық қатысушылар жас айырмашылығына қарай топқа бөлінді, әр түрлі қашықтық жүгірісінде женімпаздар анықталды. Бұл жарыста мұғалімдер өздерінің тату екенін, ұйымшыл екенін көрсете білді. «Салауатты өмір салтын ұстайық» деген мақсатты алға қойды. Жарыс өте тартымды, қызу өтті.

 

Мангужина Айгуль Кинжибайқызы

Ново-Урицк орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.