Home » Таным » Кітапхана – рухани мәдениеттің ошағы

Кітапхана – рухани мәдениеттің ошағы

«Әр адамның ең жақын досы,…
өмір досы кітап болуға тиіс».
М.Әуезов.

Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел маманы.Мектеп кітапханашысының жұмысына дәстүрлі құралдармен қатар кітапхана сабақтары,сұхбаттар,шолулар,дауыстапоқулар, ертеңгіліктер, кітап көрмелер,сөрелер инновациялық технологияларды қолдану, соның ішінде балаларды кітап оқу мен шығармашылыққа тартудың жаңа мүмкіндіктерін тудыратын оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыру енгізілуде. Кітапханашы оқушылардың алдында мәселені көтереді, ізденуді ұйымдастырып бағыттайды, шешім қабылдауда көмек қолын созады, ұсынады, бақылайды, қолдайды,кеңес береді. Кітапханамызда оқимын деген балаға біраз кітаптар бар. Оны кітапханашылар, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері ұсынып отырады. Мектеп кітапханасында екі қызметкер оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жыл сайын кітапханада көпшілік шаралар, оқушылар белсенді қатысуымен поэзия кештері, тақырыптық әнгімелер,жергілікті ақын жазушылармен кездесу өтеді. Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және туған өлкеміз Павлодар облысының – 80 жылдығына , Астана қаласының 20 жылдық мерейтой аясында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты жергілікті ақын жазушы мен кездесу өтті. Кешіміздің қонағы жергілікті қаламгер жазушы ақын Жұмагали Бижанұлы Қоғабай.Кештің мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақындардың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп,оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

  Ең соныңда ақын-жазушы Ж.Б.Қоғабай ыстық лебізін білдіріп, кітапхана қорына «ХІХ-ХХ ғғ. Қазақстанның зергерлік өнері» туралы кітап пен өлеңдер жинағын табыстады.Өтілген іс-шара туралы қалалық «Отарқа» газетіне мақала ретінде жібереміз, өйткені «Отарқа» ол Екібастұздың жергілікті газеті. Әр оқырман сүйсіне оқиды. Осындай шаралар арқылы кітапқұмарлыққа, сауаттылыққа, дүниетанымын кеңейтуге, сөздік қорын молайтуға баулимыз. Ендеше, оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу-тәрбие жұмысына ықпал етуге тырысып еңбек ете береміз.

Темирханова Бахыт Киреевна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы № 2
жалпы орта білім беретін мектебінің
кітапхана меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.