Home » Мақалалар » Макажанова С. Е.Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол!

Макажанова С. Е.Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол!

.

Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол!

«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз – тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену.
Елімізді болашақта осы биік тұғырынан түсірмей, тәуелсіздігімізді баянды ету – біздің шәкірттеріміздің, мектеп партасында отырған оқушыларымыздың еншісінде. Осы мәңгілік ел болашағын баянды ету келер ұрпақтың қолында. Елбасымыз айтқандай, «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу». Себебі, өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше, болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандандыруымыз қажет. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» — деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі — тәрбие.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен, ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Мектеп пен отбасы бірлесіп, күш-жігер жұмсай отырып, әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысуы маңызды. Осындай мақсатпен, отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналар отырыстары мен байқаулар ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруда мектеп оқушылары қоғамдық сананы жаңғырту, тарихи-мәдени мұраларымызды ұлықтау, қол өнер шеберлігін дамыту, туған жердің тарихын білу тәрізді сан алуан тақырыптарға іс-шаралар ұйымдастырып, белсенді атсалысуда. Атап айтсақ, ұлттық дәстүрді ұлықтау мақсатында қалалық «Жігіт сұлтаны-2017», «Жас ақындар», «Бұрымды ару-2017» байқауынада бас жүлдені иеленді. Өзге ұлт балалары аралығында «Қазақстан бақытымның ордасы» атты мемлекеттік тілді меңгеруден қалалық байқауда І дәрежелі ДИПЛОМ-ды иеленсе, қазақтың ұлттық спорт түрлері: «Алтын асық», «Арқан тарту», «Гір көтеру», «Қол күрес» ойындарынан жүлделі орындарды бағындырды.
Білім ордасынан нәр алып, бала ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, халық қамын ойлайтын, тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын, өзге ұлтты сыйлай білетін білімді етіп тәрбиелеу – ата-ананың басты мақсаты. Ұлттық тәлім-тәрбиеде тәрбиеленген, ата-дәстүрімізді, ұлттық тіліміз бен дінімізді сақтайтын, рухани құндылықтарды құрметтейтін, ұлттық рухын ұстайтындай ұрпақ – әр отбасының мақтанышы.

Макажанова Сымбат Ермаханбетовна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебі
тәрбие ісінің меңгерушісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.