Home » Арнайы жоба » «Салауатты өмір салтын жақтаймыз!» акциясы

«Салауатты өмір салтын жақтаймыз!» акциясы

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында №13 А. Навои атындағы жалпы орта мектебінде 27.12.2017 жыл күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі        И. Умаров пен 10-сынып оқушылары қатысуымен «Салауатты өмір салтын жақтаймыз!» тақырыбында мектепішілік акциясы болып өтті. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі И. Умаров мұғалімдер кабинетіндегі барлық мұғалімдерді мектеп залынан басталатын акцияға шақырды.

Мектеп залына 10-«Б» сынып оқушылары тарапынан дайындалған столға дайындалған бір жағына жемістерден безендірілген дастархан, екінші жағында күнделікті адамзат пайдалануға үйреніп қалған дәріханалық дәрі-дәрмектер қораптарынан безендірілген, ортасына «Қайсысын таңдайсыз!» деген жазуды қойып қойған. Ас қабырға газеттерін де дәл сол секілді етіп біреуіне жеміс-жидектер суреттерін жаспырып, «Табиғаттың өзі тәбіб», ал екінші қабырға газетіне дәрі-дәрмектер қораптарын жапсырып «Тәуелділіктен құтылайық!» деген адамзаттың дәрі-дәрмекке тәуелдігінен құтқару мақсатында жасалған жұмыстары орналастырылды. Ал залдың ортасына екі оқушы «Салауатты өмір салтын жақтаймыз!» акцияның тақырыбы жазылған қабырға газеттерін көтеріп тұрды.

Мұғалімдер бөлмесінен шыққан акцияға қатысушыларды 10-«Б» сынып оқушысы Артикулова Умида бастап алып жүрді.

Ол бірінші болып қатысушыларды акцияның тақырыбымен таныстырды. Сонымен қатар акцияның мақсат, міндеттерін де түсіндіріп өтті. Содан кейін қатысушылар безендірілген жоғарыда айтқан үстел маңына жиналды. У. Артикулова бұл безендірулердің мақсаттарын айтып түсіндірді.

Кейін қатысушыларды У. Артикулова өзін-өзі тану пәні мұғалімі И. Умаров басшылығында мектептің спорт залы және асханасы орналасқан тарапқа шақырды. Ол жақта 10-«Б» сынып оқушылары тарапынан дайындалған «Спорт – денсаулық кепілі» сахналық көрініс қойылып, көрсетілді. Көріністе екі бала кір тас көтеріп денесін шынықтырып тұрады. Ал жанындағы асханада бір бала көп мөлшерде тамақ алып жеп отырады. Жаңағы екі бала алдына келіп оны да тамаққа деген тәуелділіктен құтылып спортпен шұғылдануға шақырады. Ол болса, «Мен сендер көтерген кір тасты көтере аламын» деп мақтана кетеді де, кір тасын сәл ғана көтеріп қайта жерге тастай салады. Бұл көрініс мақсатын У. Артикулова делегацияға түсіндіріп өтеді.

Қатысушыларды 10-«Б» сынып оқушылары А. Нишанбаев және Ф. Хикматуллаевалардың дайындаған таңертеңгілік жеңіл денеқыздыру шарасына назарларын аудартады.

Кейіннен мұғалімдерді мектеп үшінші қабатына 10-«А» сынып оқушылары қатысуымен өтетін «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы ашық сабағына шақырылады. Қатысушылар үшінші қабаттың залында асылған қабырға газеттерінің мәнін У. Артикулова түсіндіріп отырады. Қоңырауға кіруге болғанда барлық қатысушылар өзін-өзі тану пәні мұғалімі   И. Умаров басшылығымен 10-«А» сыныбына ашық сабаққа шақырылды.

Ашық сабақты И. Умаров ашып, оқушылар мен қатысушы мұғалімдермен амандасып, салауатты өмір салтын ұстанатын барлық адамзатқа өзінің ризашылығын білдірді. Кейіннен ашық сабақты 10-«А» сыныбының оқушылары Х. Азамханова және К. Анарметоваларға берілді.

Олар өздері арнайы ашық сабаққа дайындалған болатын. Ашық сабағын саулық туралы өлең айтудан бастады. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу мақсатында оқушыларға бірден жиырмаға дейін санауды өтінді. Санақ біткеннен кейін оқушылардан тақ санды санаған оқушыларды бірінші топқа, ал жұп санды атаған оқушыларға екінші топқа бөлінуін сұранды. Оқушылар екі топқа бөлінді. Оларға топбасшы дайындап алып, әр топқа ат қойылды.

Топтарға «Таза бұлақ» және «Жарық жұлдыз» деп ат берді. К. Анарметова алкоголь мен сигарет шегудің адам ағзасына зиянды жақтарын дәлелдейтін тренинг өткізді. Бұл тренинг өте қызықты да түсінікті болды.

Келесі кезекті Х. Азамханова алып, ол топ басшыларын ортаға шақырып, оларды денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтудан жарыстырды. Топбасшылар денсаулық туралы көп мақалдар айтып жарыса кетті. Соныңда жеңімпаз оқушы анықталды.

Келесі кезек «Даяшы» ойынына берілді. Ол ойын шарты бойынша әр топтан бір оқушы келесі топқа даяшылық етеді. Сол уақытта сол топтың мүшелері қандай жеміс жегісі келсе, даяшы сол жемістің пайдалы жақтарын және ол жемісте қандай дәрумендер бар екенін айтулары қажет. Бұл ойын да өте қызықты өтті. Екі топтан шыққан оқушылар да өздеріне тапсырылған жемістің дәрумендерін жақсы сипаттап бере алды.

Келесі кезек «Балық қаңқасы» ойынына берілді. Бұл шарт бойынша оқушылар плакатқа сызылған балық қаңқаларының оң жағына қазіргі заманда өмір сүрудің пайдалы жақтарын, ал сол жағына зиянды жақтарын жазулары тиіс болатын. Оқушылар бұл тапсырманы орындап жатқан кезде   Х. Азамханова себетке салынған ашық сабаққа келген қонақтарға сыйлықтар таратып шықты. Бұл сыйлық – ақ қағазға сыйлық ретінде оралған жаңғақ жемісі болатын. Жаңғақтың дәрумендерге өте бай екендігін айтып өтті. Сол дәрумендер адамның есте сақтау қабілетін арттыратынын, бұл мұғалімдер және оқушыларға пайдасы өте күшті екендігін айтып өтті. «Балық қаңқасына» жазылған сөздерді әр топтан оқушылар шығып оқып, түсіндіріп берді.

Кезек «Конфет» ойынына берілді. Бұл ойын тақтаға конфеттер өздерінің сатылу бағаларына қарай жапсырылып қойылған. Әр конфеттің артына бағасына лайықты сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы оларға ұпайлар қойылып отырды. Ойын өте түсінікті және жоғары деңгейде өтті.

Келесі кезек «Венн диаграммасына» берілді. Бұл диаграммаға денсаулыққа пайдалы нәрселер мен зиянды нәрселер жазылды.

Кезек АКТ- ға берілді. Видео көрініс: «Осы дүниеде өмір сүріп жүргенім үшін ризамын» атты видеоролигі болатын. Аяқ-қолдары жоқ мүгедек адамдардың біздің арамызда өмір сүріп, олар да өздерінің бала-шағаларын бағу үшін жұмыс істеп жүргендерін және олар да жаратылғаны үшін Аллаға шүкіршілік етіп жүргені туралы болатын.

Ашық сабақ соңында сөз кезегі инновация ісі жөніндегі директор орынбасары А. Нишанбаев, өзін-өзі тану ӘБ жетекшісі Ш. Имамов және бірқатар қонақтарға берілді. Олар акцияның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып, мақтап, мадақтады. Сол акцияға басшылық жасаған өзін-өзі тану пәні мұғалімі И. Умаровқа өздерінің ризашылықтарын білдірді. «Салауатты өмір салтын жақтаймыз!» акциясы кешке дейін жалғасты.

№13 А. Навои атындағы жалпы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Умаров Икрамжан Алимбаевич және 10-сынып оқушылары,
ОҚО, Сайрам ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.