Home » Ашық сабақтар » Гимнастика. Абдиганиев Йулчи Низатилзаманович

Гимнастика. Абдиганиев Йулчи Низатилзаманович

Сабақтың мақсаты: Гимнастикалық жаттығуларды жетілдіру, дамыту.
Сабақтың мазмұны: Мөлшер әдістемелік нұсқа.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сапқа тұрғызу, амандасу, түгендеу.
Тақырыпты хабарлау:
Саптық жаттығулар, орында оңға, солға бұрылу.
2. Түрлі нұсқаға жүгіру:
Аяқтың ұшымен жүру, қол үстіде;
Өкшемен жүру, қол белде;
Аяқтың сыртымен, ішімен жүру, қол жанда;
Жартылай отырып жүру, қол белде;
Толық отырып жүру, қол тізеде.
3. Жеңіл жүгіріс
Кезектесіп оң жақпен, сол жақпен жүгіру қол белде;
Көлденең жылдамдыққа жүгіру, жартылай алдымен, жартылай артпен
4. ЖДЖ орында
қ.ж қол құлыптаулы кеудеде,
«бір» қолды алға созу, «екі» қол кеудеде, «үш» қол жоғарыда, «төрт» қол кеудеде.
Қ.ж қол кеудеде, шынтақ бүгулі, «бір» , «екі» қолды серпе оңға, солға бұрылу.
Қ.ж оң кол үстіде, сол қол астыда «бір», «екі» қолды артқа серпу.
Қ.ж қол белде «бір», «екі» солға, оңға еңкею.
Аяқтың арасын ашамыз «бір» сол аяққа, «екі» еденге «үш» оң аяққа қол тигізу.
Аяқтың арасын ашып қол тізеде, тізені ішке, сыртқа айналдыру.
Қ.ж алдыға еңкейіп қолмен аяқтың басынан ұстап, тізені бүкпей аяқты түзету.
Қ.ж аяқты ашамыз қолды айқастырып шынтақтан ұстап, еңкейіп шынтақты еденге тигізу.
Қ.ж оң және сол жаққа бір аяқты жаза отыру, қол созулы.
Қ.ж еңкейіп қолмен жерге тіріліп, аяқты артқа созып кезекпен аяқты бүгу.
12 мин
18-20м
150-200м
7-8 рет
7-8 рет Дене шынықтыру киімін қадағалау
Жаттығуларды толық және дұрыс жасауын талап ету.
Саппен жүгіру, ара-қашықтықты ұстауын қадағалау.
Денені тік ұстау
Тепе-теңдікті сақтау
Жылдамдақты үдету
Негізгі бөлім
Сапқа тұрғызып оқушыларды әр станцияға бөлу, жаттығуларды айту, көрсету.
Әр станцияда бір оқушыдан шығарып көрсету.
Жаттығуларды мұғалімнің белгісімен бір уақытта бастау.
1-ші станция: алға, артқа домалау, жауырынға тұру.
2-ші станция: арқанға шығу.
3-ші стансия: аттан аяқты бүге үстіне отырып секіру, жүгіріп келе қолды тіреп секіру.
4-ші станция: матыда баспен тұру, көпірше жасау.
5-ші станция: гимнастикалық таяқпен жаттығу жасау, екі ұшынан ұстап алға- артқа еңкейу, жанға еңкейу, бір ұшын еденге тіреп алға еңкейу, екі ұшынан ұстап таяқтан алға-артқа аттау.
Қалған уақытта оқушыларға өздеріне ұнаған станцияда жаттығуларды еркін істету.
30 мин
4-5-мин
1-2-мин
Жаттығуларды дұрыс жасалуын қадағалау.
Қате жасалған жаттығуларды түзеу.
Денені дұрыс ұстау
Қорытынды бөлім:
Оқушыларды терең дем алдыру, тынысын қалпына келтіру.
Сапқа тұрғызу, бағалау, мадақтау.
Үй тапсырмасы, қоштасу.
5-мин
Түзу бір сызықта тұру.

Абдиганиев Йулчи Низатилзаманович,
№13 А. Навои атындағы жалпы орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі,
ОҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.