Home » Білім және тұлға » Жаңашыл ұстаз

Жаңашыл ұстаз

ЖЖА жобасы бойынша

Ұстаз – мақтан тұтатын, киелі әрі өте көне мамандық. Қоғам қалай өзгерсе де өз қажеттігін жоймайтын үлкен іс – баланы өмір сүруге дайындау. Әр бала – қайталанбас, өзінше бір әлемі бар тұлға. Ал сол тұлғаның жан дүниесіне, бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, алға жетелеуші ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты кәсіп етіп таңдаған Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің жаңашыл ұстазы педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, осы саланың магистрі – Баймұхамбетова Роза Сержанқызы. 1998 жылы Торайғыров атындағы мемлекеттік университетті қызыл дипломмен аяқтап, еңбек жолын бірден осы білім беру ошағынан, яғни сол жылы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінен бастап, бүгінгі таңда жоғары санатты, шәкірттерінің бойына ұстамдылық және тәрбиелілікті, ізгі істерді меңгертіп жүрген ұстаз бірнеше жыл қатарынан басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Ұжымдық ортада белгілі орны бар ұлағатты жаңашыл ұстаз. Олай дейтініміз, ол – өз кәсібінің майталманы, жаңа инновациялық технологияларды толық меңгерген, білім беру жүйесінде кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті өнеге ететін тұлға болғандығынан. Баймұхамбетова Роза Сержанқызы – зиялы отбасынан шыққан, адамгершілігі мол, кәсіби білімі шыңдалған, ерекше тұлға.

Роза Сержанқызы әр сабағында дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, проблемалы оқыту, ұжымдық оқыту мен ұжымдық ойлау технологияларын ұтымды пайдаланады. Әр сабағында студенттерді шығармашылық ізденістерге жетелеп, түйінді ой қорытындысын шығара білу, пікір айту, өз пікірін қорғай алу, аудитория алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Оқытушы өз басының биік мәдениетімен, ұстаздық еңбегіне сүйіспеншілігімен, адамгершілік қабілетімен шәкіртке сапалы да терең білім беруде жақсы жетістіктерге жетті.

Қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», — деген тұжырым жасады. Осы мақсатта қарастырылған игі істерді жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген біздің ұстаздарымыздың бірі.

Ендеше, Роза Сержанқызы – бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиесімен қол жеткізіп жүрген ұстаз.

Роза Сержанқызының колледж оқушыларына сапалы білім және саналы тәрбие беруге өз үлесін қосып жүргені, адал еңбегі, қоғамдық жұмыстары жоғары бағаланып, жемісін көрсетуде.

«Ұстаздықтың жолында табандылық танытып, қайратын қайрап, ақылын аңдап, жүрегінің кеңдігін сынап, жалпы жұртқа ұстаздық қабілет-қарымы мен адамдық ерен еңбегінің жемісін көре беріңіз!» — деген тілек білдіреміз.

 

Б. Ахметов атындағы Павлодар

педагогикалық колледж ұжымы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.