Home » Балабақша » Біздің батыр ұландар

Біздің батыр ұландар

   

    Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: « Дене шынықтыру»
Түрі: Балалар арасында ұйымдастырылған топтық сайыс.
Мақсаты: Балаларға 7- мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Балалардың денесін шыңдап күш қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл – ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір- біріне достық қарым қатынастарын дамыту.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сәлеметсізер ме, қымбатты әріптестер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 9- мамыр Отан қорғаушылар мерекесі де жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді, қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бүгінгі: «Біздің батыр ұландар» атты спорттық шарамыз Отан қорғаушылар күніне арналады. Ендеше жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
От жалыннан жаралған,
Отан – біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда – ағамыз.
Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшада,
Жеңіс күнін тойлаймыз, -дей келе бүгінгі жарысқа қатысуға келген командаларды ортаға қошеметпен қарсы алайық!.
( Әр команда әуенмен келеді)
№4 «Жеңіс» командасы
№5 «Ұландар» командасы
№10 «Сарбаздар» командасы
№12 « Арландар» командасы
Міне сайыскерлерімізде ортаға келді.
( Әнұран орындалады)
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен — тек жоймайық! — дей келе жарысымызды бастайық.
Алдымен жарыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі спорттық жарыс 6- кезеңнен тұрады.
1 –кезең: «Таныстыру» (топ аты, ұран, эмблема, форма).
2-кезең: «Көңілді доп».
3-кезең:«Бәйге».
4-кезең: «Кім жылдам».
5-кезең: «Құрсаулар алаңы».
6-кезең: «Кім мерген».
Осы сайыскерлердің жылдамдығын, шапшаңдығын қадағалап, шариктермен есептейміз.
Міне балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар команда.
Ал балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдыдық, көрсетіп табанды- дей келе турымызды бастаймыз!
1 -кезең «Таныстыру» (топ аты, ұран, эмблема, форма).
2-кезең «Көңілді доп» ( Доппен кедергілер арасымен барып, кері келу).
3-кезең «Бәйге» (Атпен шауып мәреден айналып, кері келу).
4-кезең «Кім жылдам» ( Бірінші бала пирамиданы құлатады, келесі бала пирамиданы құрайды, ойын солай жалғасады).
5-кезең «Құрсаулар аланы» (Құрсауларды басынан өткізіп, мәреден айналып кері оралу).
6-кезең «Кім мерген» (жүгіріп келіп әдемі дөңгелекшелерді дәлдеп салу)
Ұпай саны есептеу ( Әр командалардың салынған шариктер арқылы ұпайларын есептеу)
Марапаттау кезеңі
Құрметті сайыскерлер бүгінгі «Біздің батыр ұландар» атты жарысымызға белсене қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

 

Дюсекенова Гүлхан Мизамқызы,
Атырау қаласы
№11 «Таңшолпан» балабақшасы
ІІ санатты дене шынықтыру нұсқаушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.