Home » Айтарым бар » ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕБІ

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕБІ

Солтүстік Қазақстандық ұстаздар дәстүрлі білім саласы қызыметкерлеріне арналған тамыз кеңесінде бас қосты.  Аталмыш конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлымен қатар Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті төрағасының орынбасары Утепқалиева Бибігүл Тоқайқызы, Финляндияның Тампере қаласы университетінен келген құрметті қонақ Eero Ropo, Алматы  Менеджмент университетінің президенті Қожахметов Асылбек Базарбайұлы және  Ұлы дала мектебі «Bilim Foundation» ғылыми-әдістемелік қоғамдық қорының басқарушы директоры Алиева Лаура Әлиқызы қатысты.

2019-2020 оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз конферециясын ашқан облыстық білім басқармасының бастығы Кәрімова Гүлмира Райымбекқызы 2018-2019 оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында атқарылатын міндеттер жайында баяндады. Қазақстан республикасының президенті Қ.Ж.Тоқаев «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті деген еді. Біліммен қаруланған мемлекеттің келешегі кемел, болашағы жарқын болатыны айтпасада белгілі. Конференция барысында 3-6 жас аралығындағы білдіршіндердің көргенін тез қабылдап, қабылдаған дүниесін есте сақтау қабілеттерінің жоғарлығы дәлелденген көрінеді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде аталмыш жас арасындағы бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатқанын баса айтты. Оларға барлық мүмкіндіктер жасалған.  Білім басқармасының бастығы жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарды ұстаздар қауымына жеткізіп, ұстаз мәртебесін көтеретін заңның қабылдануы жаңа оқу жылындағы жаңа баспалдақтың бірі- деді. Білім беру саясаты инновациялық технологиялардың жүзеге асырлуымен, заманауи біліммен қаруланудың көзі екенін айтты. Әрбір педагог ұлттық білім берудің жаңа үлгісін ұстануы қажет. Ол үшін жағдайлар жасалған. Жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан үздіксіз білім алуда заманауи педагогикалық парадигмаға, жаңа педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ заманауи педагогикалық технологияларға негізделген білім беру процесінің жоғары сапасына қол жеткізуге  мүмкіндіктер берілетінін бас айтты.

Облыста білім алушылардың үлгерімін және оқу сапасын арттыруға, дарынды және қабілетті балаларды қолдауға жағдай жасауға бағытталған “Білім сараптамасы” және “Зияткер” сияқты жобалар қолға алынған. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық құрама екінші жыл қатарынан “Үздік олимпиадалық команда” атанды. Облыс намысын қорғаған оқушылар халықаралық және республикалық олимпиадаларда 63 рет жеңімпаз атанса, 10 мыңға жуық жастарымыз зияткерлік сайыстарға қатысып, үздіктердің үздігі атанды. Жеті білім ордасы “Республиканың жүз үздік мектебі” рейтингіне енді. Олардың қатарында «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты», “Білім-инновация” мектебі, «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» бар, – деді Гүлмира Райынбекқызы.

Өз кезегінде баяндама оқыған қонақтардың ішінде Алматы  Менеджмент университетінің президенті Қожахметов Асылбек Базарбайұлымен Меморандумға қол қойып, алдағы уақытта педагог қызметкерлердің жетістікке қол жеткізуіне тағы бір мүмкіндіктің берілгеніне айта кетті. Бұл университет 2009 жылдан бері Айыртау ауданының педагогтерін оқытумен айналысады. Жоғары оқу орнында бүгінге дейін 360-тан астам ұстаз біліктілігін арттырды.  Алдағы уақытта қол ұшын беретініне кепілдік берді.

Финляндияның Тампере қаласы университетінен келген құрметті қонақ Eero Ropoмен екі жылдан бері жұмыс жасалып жатқанын, шетелдік  білім жүйесіндегі жаңалықтармен Солтүстік Қазақстандық ұстаздар танысып үлгерді.

Жиын соңында сөз алған облыс әкімі жыл сайын «Серпін» бағдарламасымен оқу бітіріп жатқан жастарды жұмыспен қамтып, облыстағы мұғалімдердің жетіспеушілігінің алдын алып отырғанын айтты. Жастарға тіпті отбасын құрыңыздар, балалы болыңыздар. Тегін баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берді.

Биылғы оқу жылы тағы бір жаңа мектеппен толығатынын айтты. «Береке» шағын ауданында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталды. 1 қыркүйекте алғаш пайдаланылуға беріледі, деді. «Жас өркен» шағын ауданында 900 орындық мектеп бой көтерген. Ол да жыл соңына дейін пайдаланылуға берілетінін болады. Сөз соңында ұстаздарды құттықтап, марапаттады.

Ал, білім беру мекемелерінің арасындағы өткен байқаудан «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» 34 000 000 (отыз төрт миллион теңге) теңге болатын сертификатты қанжығасына байлады.

 

Көкбасқызы Жазира

«BILIM AINASY»,

СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.