Home » Ашық сабақтар » Қазақстандағы темір кен орындары, темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы  

Қазақстандағы темір кен орындары, темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы  

Зейнекешова Кунсулу Нурлыбековна,
Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Ашутасты ауылы,
А.С.Макаренко орта мектебінің
химия пәні мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы темір кен орындарымен таныстыру. Темірдің ІІ және ІІІ оксидтері және гидроксидтері, темірдің қосылыстары жайлы мағлұмат беру. Темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызын түсіндіру.

Сабақтың түрі: «Жаңа сабақты меңгерту»

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, үлестірме карточкалар, видеоролик, стикер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық, жеке, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
ІV. Сабақты бекіту
V. Кері байланыс және бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.Оқушыларды қиылған суреттер арқылы топқа бөліп отырғызу.

1-топ: «Географтар»

2-топ: «Биологтар»

3-топ: «Химиктер»

Сыныпта психологиялық ахуал орнату мақсатында оқушылар бір-біріне жағымды сөздер айтады. (Мыс: сен көріктісің, сен білімдісің, сен ақылдысың т.б)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын сұрау арқылы оқушылар назарын сабаққа аудару. Ол үшін оқушыларға «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сұрақтар қойылып, сұраққа иә немесе жоқ деп жауап береді.

  1. Темір 7-топта орналасқан? (жоқ)
  2. Темір табиғатта таралуы жөнінен екінші орында? (иә)
  3. Темірдің кең қолданылатын құймалары шойын және болат? (иә)
  4. Темір электр тоғы мен жылуды жақсы өткізбейді? (жоқ)
    5. Темірдің тотығу дәрежелері +2, +3? (иә)
  5. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы 55? (жоқ)
  6. Темірдің табиғи минералдары магнетит, гематит, лимонит, пирит? (ия)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: «Инсерт» стратегиясы арқылы «БББ» кестесі оқушыларға әр топқа екіден таратылып, оқушылар бірінші бағанды яғни «білемін» бүгінгі жаңа тақырып бойынша не біледі соны толтырады. Сабақ соңында қалған екі бағананы толтырып кері байланыс жасалады.

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға видеоролик көрсетіліп, материалдар берілу керек. Сол берілген материалдар арқылы оқушылар топпен жұмыс жасап тақырыпты ашуы тиіс.

1-ші тапсырма:

1-топ: «Географтар» Қазақстан географиялық кескін картасынан кен орындарын белгілеу.

2-топ: «Биологтар» Мәтін бойынша постер құру.

3-топ: «Химиктер» Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастыру.

2-ші тапсырма:

Сергіту сәті: Бұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылып, жауабын үш тілде айтады.

  1. Темір латын сөзінен аударғанда қандай мағына береді.

( «ферро»—қылыш, меч, sword )

  1. Темірдің ертедегі атауы?

(аспан тасы, небесный камень, stone)

  1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент, бізге бұрын танылды.

Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,

Қосылысын алып соған ағылды.

(оттегі, сутегі және су,  кислород, водород, вода, oxygen, hydrogen, water)

  1. Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен

(Ауа, воздух,air )

  1. Қара жер адамзатқа болған мекен

Қазына іші толған, әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен.

(темір, железо,iron )

  1. Темірдіңнегізгіқұймалары (болат және шойын, чугун и сталь, cast iron, steel)

3-ші тапсырма:

Есептер шығару. 3-топқа екі есептен беріліп, топ ішінде шығарылады.

  1. Массасы 56 г темір оттегімен әрекеттескеде түзілетін темір (ІІ) оксидінің массасын және зат мөлшерін есептеңіз.
  2. Темір қағының 4,64 грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24 г темір алынды. Темірдің шығымын процентпен есептеңдер.
  3. Темір (ІІІ) сулфатының 12 грамына натрий гидроксидінің артық мөлшерімен әсер еткенде алынған тұнбаны қыздырып, толық айырғанда түзілетін оксидтің массасын табыңдар.
  4. Қыздырылған темір су буымен әрекеттескеде (қ.ж) 2,24 литр сутек бөлінген болса, реакцияға қатысқан темірдің массасын есептеңіз?
  5. Үш валентті темір иондарын анықтау үшін калий тиоцианатын реактив ретінде қолданылады. Массасы 46 г темір тиоцианатын алу үшін реакцияға түскен темір (ІІІ) хлориді мен калий тиоцианатының массасын есептеңдер.
  6. Массасы 5,6 г темір мыс (ІІ) хлоридімен әрекеттескеде түзілетін мыстың массасын есепте.
  7. Үш топқа мәтін бойынша терминдерді тауып, бірінші топ қазақша, екінші топ орысша, үшінші топ ағылшынша оқып шығу

4-ші тапсырма:

 «Іші-сырты» тақтаға жазылған ағылшынша терминдерден оқушылар бүгінгі сабаққа келетін терминдерді шеңбердің ішіне жабыстырады, қалған терминдер шеңбердің сыртында қалады.

ІV. Сабақты бекіту.

5-ші тапсырма:

Үш топқа мәтін бойынша терминдерді тауып, бірінші топ қазақша, екінші топ орысша, үшінші топ ағылшынша оқып шығу.

 

  1. Кері байланыс және бағалау. Кері байланыс жасауда оқушылар сабақтың басында берілген кестені аяқтап, әр топтан бір-екі оқушыдан оқып шығады.

Бағалау.  Оқушыларды химиялық элементтермен бағалау «5» «ванадий», «4» «титан».

VІ. Үйге тапсырма беру. «Темірдің маңызы» тақырыбына 80-100 сөз көлемінде эссе жазу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.