Home » Білім және өнер » Тараздағы қосымша білім беру ұйымдарының дәстүрлі тамыз кеңесі

Тараздағы қосымша білім беру ұйымдарының дәстүрлі тамыз кеңесі

Жамбыл облысы,  Тараз қаласында мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықта «Балаларға қосымша білім беру: Мемлекеттік білім беру саясатының жаңа талабы мен векторы» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

   Жиынға облыс білім басқармасы басшысының орынбасары  Талғат Жамалов қатысып, өткен жылды қорытындылады.

Ал, аталған мекеменің «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Гүлзира Лесбайқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары және оны тәрбие жүйесінде іске асыру» тақырыбында сөз сөйлеп, қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Гүлзира Лесбайқызының баяндамасына сүйенсек, 2018-2019 ж.ж. оқу жылы бойынша Жамбыл облысында жалпы саны 56 қосымша білім беру мекемелерінде 1855 ұстаз қызмет етеді. Қосымша білім беру педагогтарының сапалық көрсеткішіне тоқталсақ, жоғары санатта – 344, бірінші санатта – 368, екінші санатта – 468, санатсызы – 675 екен. Ал, өңір бойынша 1004 үйірмелерге 51622 бала қатысып, бос уақытын тиімді өткізуде.

   Іс-шарада жамбылдық ұстаздар өз тәжірибелерімен қатар, келер оқу жылына арналған тың бастамаларымен бөлісті.  Сонымен бірге, аймақтағы педагогика саласында біліктілігімен, үздік жетістіктерімен ерекшеленген мұғалімдерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.

P.S. Жамбыл облысы баларының қабілетін ашуға өз үлестерін қосқан қосымша білім беру орталықтарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен ұстаздарына  шығармашылық табыс тілейміз!

Жансая Құрманғалиқызы,

«BILIM AINASY» газеті,

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.