БУРАБАЙДА «SOLAR FEST QAZAQSTAN» ІСКЕРЛІК ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
Көкшетауда Қазақстан Республикасында жаңғырмалы энергия көздері (ЖЭК) саласын дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапенов күн энергетикасы саласындағы әлемдік трендтер мен статистика, 4-5 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің ресми қолдауымен Бурабайдағы «Rixos-Borovoe» қонақүйінде өтетін «Solar Fest Qazaqstan» қауымдастығының жаңа жобасын таныстырды.
«Solar Fest Qazaqstan» – жаңғырмалы энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларын жинайтын халықаралық іскерлік фестиваль.
Фестиваль кездесулері мен пікірталастарының қорытындысы ретінде Хартия – салалық қауымдастық атынан ҚР Үкіметіне үндеу қабылданатын болады.. Құжат сарапшылар мен нарық қатысушыларының қазіргі ұстанымын белгілейді, таяу жылдары және келешекте ұзақ мерзімді даму перспективасында Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту мәселелері бойынша олардың пайымдауын ұсынады деп жоспарлануда.
Біздің бүгінгі ұстанымдарымыз қандай және таяу жылдар мен
алдағы ЖЭК пайдалану мен дамыту мәселелері бойынша ұзақ
мерзімді дамытуда біз неге қол жеткізгіміз келеді. Осы және басқа да көптеген сұрақтар мен мәселелердің шешімі қарастырылады.
Сонымен қатар, Фестиваль шеңберінде экологиялық сурет салудан ерекше байқау аясында Қазақстанның әр аймақтарынан көп балалы отбасылардың балалары ұсынған шығармашылық жұмыстардың көрме-презентациясы ұйымдастырылады.
Бұған қоса Жастар жылы аясында студент жастардың қатысуымен «Күн сәулелі» жастардың бес минуттық кездесуін ұйымдастырылмақ. Акцияға қатысушылар ЖЭК саласы үшін қажетті жас кәсіби мамандарды әзірлеу қажеттігін талқылайтын болады.
Solar Fest Qazaqstan фестиваліне Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының мүшелері – SPAQ, ЖЭК саласы мамандарының қазақстандық қауымдастығының өкілдері, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің күн энергетикасы саласының өкілдері, Халықаралық сарапшылар және саланың танымал әлемдік көшбасшылары, Қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері, Отандық және шетелдік инвесторлар, т.б. қатысатын болады.
Жалпы, ғаламшарда электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясын пайдаланатын 90 ел, ал 32 елде 1 ГВт-дан астам күн электр станциялары орнатылған екен. Күн энергетикасын дамытуда жетекші елдер қатарына Қытай (176 ГВт), АҚШ (62 ГВт), Жапония (56 ГВт), Германия (45 ГВт) және Үндістан (33 ГВт) енеді.
Нұрлан Қапеновтың айтуынша, бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар, девелоперлер, жабдық өндірушілер, жобалық институттар, жоғарғы оқу орындары мен халықаралық қаржы институттары қауымдастықтың мүшелері мен аккредиттелген бақылаушылары болып табылады. Қазақстанда соңғы 10 жылда ойдағылай дамып келе жатқан ЖЭК саласында жаңғырмалы энергетиканы дамыту және қалыптастыру процесіне тартылған мыңдаған мамандар бар.