Home » Жаңалықтар » «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбында Республикалық байқаудың үшінші облыстық кезеңін өткізді.

Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Олар жоба жұмыстарында ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибелері мен шығармашылықтарын көрсетті.

Байқаудың үшінші облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің математика пәні оқытушысы Жумашев Жансейт Карасаевичтің жұмыс жобасы байқаудың төртінші республикалық кезеңіне жолданды.

«Өрлеу» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,

қоғаммен байланыс және баспа бөлімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.