«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»
А.Байтурсынов
Қазақстанда үш тілді білім беру бағдарламасының енуі — заман талабынан туындаған қажеттілік. Үш тілді білім берудің мақсаты — өз тілімізді өркендете, дамыта отырып шет тілдерін коммуникация құралы ретінде пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің мазмұны жаңарды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізігі мақсаты, білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру яғни функционалды сауаттылыққа баулу болып табылады.
Алғашқы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны баршамызға мәлім. Осы керемет кезеңге дәл тусетін, әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастықта қызмет ететін ол біз бен сіздің ұрпақ. Сондықтан, дамыған елдердің қатарына қосылып, еңбек етуге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу әрбір ата-ананың перзент алдындағы негізгі парызы деп есептеймін. Қазіргі таңда әрбір үйретушіден талап ететін дүние баланы оқыту ісін тура жолға қоя білу, осыған жағдай жасау.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Түрксіб ауданының мектептерінде ағылшын тілін оқыту курстары бастау алды. Бес айға созылатын бұл жоба «EDUstream» компаниясының қаржылай қолдауымен және де «Мен алматылықпын!» қоғамдық қозғалысының бастауымен іске қосылған проект. Басты мақсаты көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасындағы балаларға ағылшын тілін үйрету. Бұл білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді қарым қатынасқа аса назар аударылып, шет тілін үйренуге жан жақты жол ашылғанының дәлелі. Аталмыш курсты бастау барысында біраз қиындықтар болды. Мектептегі психолог маманның, өзімнің де белсенділік танытуымның арқасында оқушылармен курсты бастадық. Әр баланың психологиясы, ойлау қабілеті түрлі деңгейде. Кейбір балаға жаңа нәрсені қабылдау оңай болғанымен, кейбірі баяу бірнеше қайталауды қажет етеді.Баланы үйрету зор шыдамдылық пен сабырлықты талап етеді. Осы орайда өз тәжірибемнің желісінде сынақтан өткен үйретушінің ұстанымдарына тоқталуды жөн көрдім.
Ең алғашқы мәселенің бірі, баланы оқытуда ұсыныс жасай білу идеясы. Яғни, Мына тапсырманы былай жаса, осыны да білмейсің бе?» демей «Сен қалай ойлайсың? Мүмкін тапсырманы осы жолмен жасап көрсең?» немесе «Тапсырманы жасауда қандай ұсыныс айтар едіңдеп баланың өзімен ақылдасып отыру. Балаға бағыт — бағдар беріп, тапсырманы орындауды өзіне қалдыру арқылы біз баланың таңдау құқығын қалыптастырамыз және өзіндік шешім қабылдауға, тәуелсіздікке баулимыз».
Келесі маңызды үрдістің бірі, белгілі бір жетістігі үшін баланы үнемі мадақтап, ынталандырып отыру. Жағымды, сүйкімді ырғақпен айтылған мұғалімнің немесе ата- анасының болсын мадақтау, қошемет сөздері оқушының келесі тапсырманы белсенділік танытып, тез-ақ игеріп кетуіне ықпал етеді.
Оқушымен үнемі сыпайы болуға тырысып, ересектер қатарында қабылдау. Баланың тәрбиелі болуы үйретушінің іс әрекетіне тікелей байланысты. Бала естігенді, айтқан ақпаратты емес көзімен көрген дүниені қабылдайды, сол іс әрекетті жасайды. «Құс ұясында нені көрсе, ұшқанда соны іледі» мақалы осы сөзімнің дәлелі.
Балаға білім алуда үйретушінің әрдайым көмек беру дайындығы өте маңызды. Әрбір оқушыға бөлінген уақыт ертең ақ өз жемісін береді. Бала бірдеме түсінбей тұрса, жекімей бар сабырымды бойыма шақырып, түсіндіре білуге тырысамын .
Баланы тыңдауға уақыт бөлу арқылыүйренушіні ойын айтуға баули аламыз. Жақсы бағалар, оқу барысында жеткен жетістіктері үшін ардайым мадақтап отыру үйренушіні ынталандыра түсіп, кері байланысқа ықпал етеді.
Келесі маңызды іс шараның бірі – баланың бос уақытын өз қызығушылықтарына сәйкесдұрыс ұйымдастыру.Бұл өз кезегінде ата-ананың назарында болуы керек. Осы ұстанымдарға сүйене отырып, біз жаңартылған білім беру жүйесінің негізгі мақсаты яғни, үйренушіні сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыра аламыз.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым, жаңартылған оқу бағдарламасы ата ана мен ұстаздың педагогика мен психологияны ұштастыра білу шеберлігін талап етеді. «Елу жылда ел жаңа» деген жаңашылдықты қабылдай отырып, оны игеруге барлық ынта-жігерімізбен ат салыссақ алынбайтын қамал жоқ.
Шораева Ақшолпан Алиевна,
«№76 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық
Мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы
ағылшын тілі пәні мұғалімі