Home » Мақалалар » Биылғы жылғы мектептегі жетістіктерім

Биылғы жылғы мектептегі жетістіктерім


Мектеп – бұл біздің өміріміздегі ең бірінші маңызды қадам болып табылады. Біз мектепте өсіп, тәрбиеленудеміз. Дәл осы мекенде біз өз ішкі дүниемізді ашып,үлкен дүниеге жаңаша көзқараспен қарай бастаймыз. Мектеп бұл білім беру ғана емес, сонымен қатар өмірді үйренетін орта. Адал болуды,достықты әрі қоғамдық ортада өзімізді қалай ұстауды үйреніп келеміз. Мұғалім жетістіктермізді мадақтап,қателіктермізді жөндеп, әрдайым дұрыс жолға бағыттайды. Мектепте көп уақытымызды өткіземіз,мектеп біздің екінші үйіміз сияқты. Мектеп пен үй бірге қосылып бізді тәрбиелейді. Ұлылар да мектеп партасында отырған. Олар да ұстаздан дәріс алып,өз жолын тапқан. Тағы да мектептің ерекше маңыздылығы – біз өмірлік жолымызды таңдаймыз.Және дұрыс жолды таңдауымызға зор септігін тигізеді. Жылдар өтіп есейіп кеткеннен кейін де,әдетте мектептердегі кезеңдерді еске алатынымыз анық.
Адамды алға жетелейтін, талай шыңға шығаратын,биікке көтеретін даңғыл жол -Мақсат. Әр адам өз мақсатына жеткісі келеді. Менің де алдыма қойған, мақсаттарым бар.Ең бірінші мақсатым мектепті үздік аяқтау. Бұл – ата-анамның, ұстаздарымның үмітін ақтау.Абай атамыз «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан»,- демеп пе еді! Иә, сол кетікті тауып қалану үшін де білім керек.
Ұстаздың ұстазы №76 жалпы білім беретін мектептің директоры Мұсағұлова Салтанат Болғанқызы Елбасы саясаты мен үкімет тарапынан қойылған талапқа сай өзі басқарған ұжымды қазіргі талап – еліміз дүние жүзіндегі озық отыз елдің қатарына ену мақсатында ерен еңбек етіп келе жатыр. Болашақ үшін тер төккен мектеп басшысының еңбегі ұшан теңіз. Жыл сайын асқаралы биіктерді бағындырып келеді
Ұстаз – ең қасиетті ұғым. Осы тұрғыда мектептегі 6 «Ә» сыныбынан бері жетекшісі болып келе жатқан Қазтайқызы Әсемгүл апайыма айтар алғысым көп. Нағыз өз ісінің маманы. Әрбір оқушыға баса назар аударып,қатал талап қояды. Сонымен де беделі әркез жоғары.Сонымен қатар пән мұғалімдері: Ғалия Базарбайқызы, Нағима Бейсенқызы, Гульмира Құрақбайқызы, Бурабаева Тілеухан, Жанар Кәдірханқызы тағыда басқа мұғалімдер біліктілігімен шәкірттер жүрегінен орын алған.
Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, соның ішінде «Қазақстан тарихы» бойынша аудандық олимпиададан 1-орын, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы мектеп оқушылары арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б. Бекмаханов атындағы I Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасындағы жоғарғы нәтиже үшін III дәрежелі дипломымен марапатталдым. Ал, Алматы қалалық суретке түсіру конкурсынан 1 дәрежелі дипломы мен камерафонды иелендім. Биылғы жылдағы баламның жетістіктері болса, мектепте тәрбиеленіп жатқан қаншама шәкірттердің жеткен жетістіктерін айтсаңызшы. Бұл тек менің ғана баламның жетістігі боса, мектепте тәрбиеленіп жатқан 1800 астам шәкірттердің жетістіктері қаншама десеңізші?
№76 жалпы білім беретін мектепте аудан, қала, Республика сонымен қатар Халықаралық дәрежеге қол жеткізіп жатқанынан қанықпыз. Соның арасында менің ұлымның да үлес қосып жатқанымен қатар қазіргі таңда үздік оқушылар қатарынан көрінуде,осындай дәрежеге жеткізген мектеп директоры, мектеп әкімшілігімен қатар ұстаздарына алғысым шексіз!
Қазір ерекше зейінмен,белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып жоғары жетістіктерге жеткісі келеді. Адам қандай іспен айналысса да,өмірдегі ұмытылмас сәттер болып мектептегі уақыт қалатын шығар. Мектеп – білім айнасындағы үлкен кеме. Мектеп бізге тірек болып, жылулықпен бақыт сыйлайды.

 

Бейсембиева Бибигул Аубакировна,
9-сынып оқушысы
Култас Хансултанның анасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.