Home » Балабақша » Сегена тақтасы арқылы есеп шығару

Сегена тақтасы арқылы есеп шығару

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «М. Монтессори технологиясы»

Мақсаты: Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу, өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру, балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Міндеттері: Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу, негізгі түстерді айыра білуге үйрету, ұсақ моториканы дамыту, алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру, зейінін тұрақтандыру, тәртіпке үйрету;

Көрнекіліктер: Слайд, Монтессори аймақтарының суреттері.

Қажетті құралдар: Сегена тақтасы, қосу, азайту таңбалары, ондық, бірлік, жүздік, мыңдық моншақтар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Сабақ барысы:    

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің  оқу қызметіміз ерекше болмақ. Ендеше оқу қызметімізді бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық!

                         Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы таң!

Біз нәзік қыздармыз,

Қайырлы таң!

Біз ержүрек ұлдармыз.

Тілге  арналған жаттығу:  Сағат, піл

Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдерді иіскеу»

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін Монтессори технологиясы бойынша «Сегена тақтасы» арқылы қалай есеп шығаруға болатыны туралы танысамыз.

Монтессори бөлмесі  5 аймаққа бөлінген:

  1. Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.
  2. Сенсорлық аймақ.
  3. Математикалық аймақ.
  4. Тілдік аймақ
  5. Ғарыштық аймақ.

  

                     «Математика» аймағындағы Сегена  тақтасына тоқталып өтсем:

Сегена тақтасын француз дәрігері және педагог Эдуардом Сегеном ойлап тапқан (1812-1880ж.). Бұл сегена тақтасында әрқайсысы 5-ке бөлінген екі тақта орналасады. Біріншісінің жолында 5 рет 10 саны жазылады, ал екіншісінде 4 рет 10 саны жазылады.  Соңғы жолы бос қалады. Тақталарымен қоса 1-ден 9-ға дейінгі сандары бар кестелер қоса беріледі. Менің қолымда бірлік, ондық, жүздік және мыңдық сандары бар. Ондық, жүздік, мыңдық деп бірдей түсті моншақтарды айтамыз, ал бірліктер деп 1-ден 10ға дейінгі түрлі-түсті моншақтарды айтамыз. Мысалы: 9 саны көк түсті, 8 саны қоңыр, 7 саны ақ, 6 саны күлгін, 5 саны көгілдір, 4 саны сары, 3 саны кызғылт, 2 саны жасыл, 1 саны қызыл. Осы сандарды еске сақтадық, енді қазір біз бірлікке және ондыққа байланысты есептер шығарамыз. Ол үшін алдымен сегена тақтасына 10 санының жанына 9-ға дейінгі  бірліктерді қойып көреміз. Мысалы: 10 санының жанына 1 бірлікті қоямын, ол он ондық, бір бірлік болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ал енді есептер шығарамыз.

 

 

6 бірлік+3бірлік=тоғыз бірлік              10 ондық, 8 бірлік-6 бірлік =он ондық, екі бірлік

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қане, саусақтарымызды жаттықтырып алайықшы.

Ұсақ моторикаға арналған жаттығу:

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ.

Қала салсақ, жол салсақ.

Қорытынды:

Балалар біз бүгін немен таныстық?

-Сегена тақтасымен

-Сегена тақтасымен есептерді қалай шығарамыз?

-Бірлік, ондық, жүздік, мыңдық моншақтар арқылы.

-Бірліктер деп қандай сандарды айтамыз?

-Түстері әртүрлі.

Мадақтау: Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар,есепті де өте жақсы шығардыңдар. Келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Жылкыбаева Кырмызы Аскербековна,

  №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының

 тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.