Home » Балабақша » «СӘЛЕМ ҚОНАҚТАР»…

«СӘЛЕМ ҚОНАҚТАР»…

Наурыздың он бесінші жұлдызында Астана қаласының білім басқармасына қарасты №30 «Қайнар» балабақшасында «Интеллектуалды даму» кластері бойынша «Мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалды құзыреттілігін дамыту» мақсатында қалалық практикалық-семинар өтті. Іс шара балабақша меңгерушісі Күлпан Бекмүрзақызының сөзімен басталды. Тәжірибе алмасу жұмыстарына серіктес №11, 21, 65, 72 балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері сондай ақ тәрбиешілері көрермен ретінде қатысып өз ойларын ортаға салды.

 

Бүгінгі кластер Мадина Ашірбекқызының «Қызықты матеметика» Интерактивті тақтаны жұмыста қолдану тәсілін көрсетумен басталды. Айта кететін жайт Роза Темировнаның «Жүк көлікті құрастыр» — роботты құрастыру, Газиза Иманбаеваның «Көңілді алақандар»- Психологиялық жаттығу, Роза Телманқызының «Балабақшада дамытушы ойындар»-Іскерлік ойын серіктес балабақша педагогтарымен бірге жұмыстар жасалды. Сондай ақ «Біз үйренеміз, ойнаймыз» — Педагогтардың және ата-аналардың қолымен жасалған барлық жастағы топтарға арналған дидактикалық ойындар көрмесі жасалды.

 

 

Астана қаласы «Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.