Сахова Райхан Жанбырбаевна,
«Болашақ» бөбекжай- балабақшасының
тәрбиешісі
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерінден алған білімін тянақтау,геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру. Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету, ертегі желісі бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуге, сандарды тура және кері санай білуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойындар арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қәбілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ойынды шарты бойынша ойнай білуге,ұйымшыл, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд бойынша суреттер көрсету. Геометриялық пішіндер,тура,кері санауға арналған қонжық маскалары алма ағашының макеті, шығармашылық алманың муляжы,үйшік макеті,ертегі кейіпкерлері,слайд.
Пәнаралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, қарапайым математика, әлеуметтік орта, шығармашылық, көркем әдебиет,
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой.
Ал,кәнекей, бәріміз.
Сәлем,-дейік үлкенге.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң балалар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше орындарымызға жайғасып алайық, — Бүгін біздің өтетін оқу іс-қызметіміз: «Ертегілер еліндегі ғажайып математика».
Ақ қар еріп су көбейіп сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік жарып,гүл бәйшешек толады.
Айтыңдаршы балалр бұл қай кезде болады. (Көктем)
-Балалар;-Көктем мезгілі,
Тәрбиеші;Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Балалар:-Үш ай бар.
Тәрбиеші:Кәне атап беріңдерші?
Балалар:-Наурыз,сәуір,мамыр.
Ғажайып сәт:Сиқыршы.(сұрақ)
Кәне балалар маған айтыңдаршы
-Бір жылда неше мезгіл бар.
-Дұрыс айтасыңдар төрт мезгіл бар.
Кәне атап шығайық…
-Балалар,мен сендерге құр бос қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
-Мына шардың түстері қандай?
Маған атап беріңдерші,мен неліктен осы түстерді жыл мезгілдерімен сәйкестірдім?
Тәрбиеші:Балалар сендер ертегініжақсы көресіңдер ме?Қандай ертегілерді білесіңдер?Олай болса біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз.Бірақ ол алыста ғой,қалай ойлайсыңдар ол жақа тез жетуге боладыма?Ертегі еліне жету үшін сиқыршы берген сиқырлы таяқты қолданамыз.Қолымызды ұстап біз шеңбер бойына тұрайық,көзімізді жұмайықта шулаған орманды,сайраған құстарды,әр түрлі аңдарды елестетейік.(дыбыстарды әуенін естірту).Кәне сиқырлы таяқша бізді ертегілер еліне тез жеткіз!Көзімізді ашайық қараңдар біз ертегілер еліне келдік.
Тәрбиеші:-Жарайсыздар,балалар!
-Балалар,сендер қандай ертегілерді білесіздер?
Балалар: «Баурсақ», «Жеті лақ», «Қызыл телпек», «Шалқан», «Маша мен аю».
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша: Мариям:
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю:(Нұрым) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 – тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр: (Мейіржан) бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 – тапсырма
1 – ден 5 – ке дейін тура, кері санап бер.
1 2 3 4 5 / 5 4 3 2 1
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап
Қоян: (Еркеназ): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 – тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі: (Қасиет). Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 – тапсырма
1 – ден 5 – ке дейін санамақ айтып бер.
Мадина:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Қайсар.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Нурислам:
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Али.
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Мирас.
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші:Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар,қәне кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 – тапсырма.
Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім анама,
Бір кәмпитім әкеме,
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
- Айс
- езім.
Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
2. Аяулым:
Бөлініп – ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.
6 – тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағ
ашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1.Айлин:
Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2.Қасиет:
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Айару:
Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4. Илияс:
Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаны
5.Мадина:
Әр қолда саусақ бес – бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
7 – тапсырма.
Балаларға шығармашылық ойын
: «Кілемшені толтыр»
Тәрбиеші:
– Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
– Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге
машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша – Мариям
Аю – Нұрым
Қасқыр – Мейіржан.
Қоян – Еркеназ
Түлкі – Қасиет.
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс – әрекетіміз
аяқталды.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:Нені біледі:Балалар геометриялық пішіндерді атап,кейіпкерлерін дұрыстатай біледі,
Игеру керек.Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту.Сандарды ажыратуды,кері тур санауды,сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек,
Меңгеру керек:Геометриялық пішіндердерді ажыратуды,ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.