Home » Мақалалар » Білікті басшы, тәжірибелі ұстаз

Білікті басшы, тәжірибелі ұстаз

 


Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Педагог үшін ең жауапты да маңызды міндет ұрпақ тәрбиесі болса, осы міндетті мінсіз атқара жүріп, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік таныта отырып, мектепке дейінгі мекемеде өзінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында еңбек еткеніне 30 жыл толған Бейсекова Гулия Исабекқызы білікті- басшы, тәжірибелі ұстаз ретінде танылды. 2011 жылдан батап, қазіргі Түркістан облысы, Кентау қаласында «Болашақ» бөбекжай-балабақшасында меңгеруші лауазымында қызметін абыроймен атқарып келеді. Жұмыстың бір қалыпты жүруі, ұжымның тұрақты әрі толық болуы басшы мен қызметкерлердің өзара түсіністігі мен сыйластығының арқасы деп білемін. Адамгершілік құндылықтарды жоғары қойып, өз ісіне жауапкершілікпен адал қарайтын көркем мінезді басшымыз Гулия Исабекқызының ата-аналармен ұжымның алдында беделі зор. Бұл кез келген нәзік жанды басшылардың бойынан табыла бермейтін қасиет. Өте мейірімді, ыстық ықыластың иесі айналасын ынтымақтастыра біліп, бір үйдің баласындай жұмысқа жұмылдыруда өзіндік талабымен ерекшеленеді. Білікті басшымыз жалпы қызметкерлердің жағдайларымен де санасып, рухани демеуші, ақылшы болумен қатар, қиналғанда қол ұшын беріп, қайырымдылық жасап жақсылық нәрін себуші жан. Әр дайым жанында ұстанатын ұранымен педагогтарына табандылықпен еңбек етіп, алдына биік мақсаттар қоюды үйретіп келеді. Білім, тәрбие саласындағы еңбегі әрдайым еленіп, түрлі облыстық, қалалық марапаттарға ие болған. Осындай іскер басшысы бар ұжымда еңбек ету біз үшін де мәртебе. Көктемнің алғашқы мерекесіне орай Ұжым болып 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтай отырып басшымыз Гулия Исабекқызының отбасына амандық, деніне саулық, еңбегіне жеміс тілей отырып, ана бақытымен қатар әже бақытына да бөленуді тілейміз!

 

«Болашақ» бөбекжай-балабақшасының ұжымы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.