Home » Мақалалар » PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілген фестиваль

PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілген фестиваль

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызының ұйымдастыруымен «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында облыстық фестиваль өтті. Іс-шараға Алматы облысына қарасты Іле, Райымбек, Жамбыл, Ескелді, Қаратал, Талғар, Қарасай және Алакөл аудандары мен Қапшағай қаласындағы орта мектептер, гимназиялардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

  Жиынды «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы ашып,  облыстық фестивальдың  мақсаты  –    қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығына байланысты қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу екендігіне тоқталып өтті.

Облыстық фестиваль  жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ мектептің оқушыларды тәуелсіз білім алуына және қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне баса назар аудартатын баяндамалар, презентация, сабақ үлгілерін ұсынды. Атап айтар болсақ, мәтінмен жұмыс жүргізу мәселесіне Алматы облысы, Кербұлақ ауданының ұстаздары Б.Утегенова, Н.Ниязбаева  тоқталып, «Көркем мәтінді меңгерту арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында  еңбектерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық   бағдарламадағы оқу сауаттылығы  бойынша   Қарасай ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебінің мұғалімі  А.Даулетова, Алакөл ауданы, Безродных  атындағы орта мектебінің ұстазы К.Бекбаева және Қаратал ауданы, К.Тоқаев атындағы ОМ ұстаздары Н.Рахметова, А.Досбаева өз тәжірибелерін ортаға салды.

Облыстық фестивальды қорытындылай Т.Қ.Ауелгазина педагог-новаторларға алғыс хаттар табыс етті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.