Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жамбыл ауылы, 11 сынып оқушысы Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы Сындырған соң сырлы мұң шыр айналып, Отырушы ем түні бойы мың ойланып. Көрер таңым мазақтап,күлкі еткендей, Сәуле шашты терезеден шырайланып. Кімге? Неге? Қайда? Кетіп барамыз біз. Кейде неге құр ойнаққа саламыз біз? Дүниенің бір жылтыры көзді шалса, Неге сонша қырыла қаламыз біз?! Ертеден-ақ жыраулар жыр тербеген, Тербесе де ...
Толығырақ »Поэзия
Мұқағалимен сырласу
Ойларымнан өткен ғасыр бір кетпейтін, Тартып мені барады ілмектей мұң. Мұқағали, мен сені сағынамын! Поэзияның ақ парағын кірлетпейтін! Кейде қызғылт, Жарықсыз түнектеймін, Сендей жанды көрмесем де, құрметтеймін! Өртеніп жатқан өлеңіңді оқығанда, Ей, Мұңдасым! Поэзиядан көрінетін бір беткейің! Сырлар көп өлеңіңде ашылмаған, Көп адамға жетпеген, шашылмаған. Ей, Мұқа! Мен сенен айтшы, немді жасырамын? Сен тұрсаң поэзияңды жасырмаған! Мейлі, маған бәрібір, Талсын ...
Толығырақ »Бейнең тұрар көз алдымда елестеген
Ақ көбігін бүркейді қалай-қалай? Ақ бұлағы тастарды жалай-жалай. Ақ жауынша себелеген биік шыңның, Ақтарылам, суларына қарай-қарай. Сарқырама! Мазамды алма… Жай сарқыра! Көздерімді байламай жай жарқыра, Мен өзіңе тыныштыққа келіп тұрмын, Ғажайыпты сыртыңнан байқай тұра. Абыр-сабыр, дабыр-дүбір неге жаның? Мен білмеймін, не болғанын… Ненің барын? Сарқыраған сабырлы дыбысыңнан, Сырын шерттің, Айта ғой, кімнің зарын?! Көзім ойдан еріксіз жұмылғаны… Ақ тамшылар тастан ...
Толығырақ »Тәрбиеші болу — бақыт!
Таңым атты.. 7.30 соқты уақыт Кіп-кішкентай сәби келді. Сондай бақыт! Күтіп алдым құшақ жайып, күлімсіреп, Сол сәтте бөбек күлді қолын бұлғап. Бөбек келеді алғаш рет тәлім іздеп, Ана келеді жүрегі үрей өрлеп. Әрине, қаншама ұрып-соғу, қорлауларды естіген ол Қалай сенбек тәрбиеші, бізге демек?! Бөбекті топқа қарай алып кірем, Ойыншық, қуыршақты алып берем. Жылы-жылы сөйлесіп, мақтап жебеп, Көздеріне жылы көзбен қарап ...
Толығырақ »Бақшада
Абайға арнау
Ұлылардың ұлысы-Абай ақын, Тәрбиеге шақырды халық затын. Әртүрлі өлеңдерді ол шығарып, Өз еліне танытты Абай атын. Өлеңмен бірге Абайды мен таныдым, Абайдан әрқашан да тәлім алдым. Іші мен сырты алтын өлеңінен Қара өлеңнің не екенін біліп алдым. Абай-дана, Абай-дара қазақта, Оқымаған ұлы ақынды қазақ па? Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге, Абаймен тең ақын болмас қазақта. Кеше өткен ақын заман желегі, Болашаққа ...
Толығырақ »Анаға ақталу
Сейдалиева Несіпкүл Аманкелдіқызына Қырық алты жасқа толып асыл Анасы, Қуанып ед ер жетті деп баласы. Тосын кенет ажал келіп жалмады, Табылмады-ау кеселіне дауасы. Түгелдеп ап әулеттің төрт көзін, Қыршын жаста бәріне сен «Қош» дедің. Ұрпағыңнан бар алғаның сондағы, Ұлы денең оранатын ақ кебін. Еңшіңе алған екі метр жер ғана, Құлыптасқа жазып қойған сөз ғана. Одан басқа алып кеткен түгің жоқ. ...
Толығырақ »Туған жер
Әр жанға ыстық екен туған елі, Қосамын әр күн сайын жырға сені. Ауаңды жұтқан сайын кеудем толып, Шаттық пен қауышамын тауға шығып, Гүл терем Алатаудың бөктерінде, Жүремін асқақ арман жетегінде. Кетсем де арман қуып басқа елге Сағынышпен оралам туған жерге. Сағынамын елімнің жанын да, Маңыраған малға толы жайлауын да Жырға қосам елімнің байлығын мен Мерейің үстем болсын жерім менің! ...
Толығырақ »Әпкеме тілек!
Туыла сала «Ыз»¹ болған, Арқадағыларға із болған. Бауырларым барым деп, Ойлағаны біз болған! Қаршадай ғанa кезінде, Жүрекке аздап сыз қонған. Күйдіріп бала қолдарын, Сынаққа сонда кез болған. Емдеуге Шымға келгенде Әкеммен бірге мен болғам. Тұрмыс құрып ертеден, Ойынға көңіл бермеп-ең. Мойымайтын сынаққа, Батыр-ең неткен терең-ең. Алысып небір сұмдықпен, Сөңілді-ау талай керегең! Басыңа қара бұлт қонған, Кеудеңе тас боп мұз тоңған. ...
Толығырақ »Ұмытпайды ұрпағың
Болмасада ежелден ақын атым, Өлең жазу кей кезде ата салтым. Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған анамыздың аманатын. Анамыз дүниеге алып келген, Бар бақытты біздерге алып берген, Бес баланың анасы атансамда, Кеңес беріп,бағыт пен бағдар берген. Анам менің, алтын анам айбыным, Айнадайың таза болсын айдының! Ұрпағынның бұзылмасын іргесі, Жақсылықпен бассын қадам ілгері! Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас, Әйтеуір кімде ...
Толығырақ »