Home » Қылқалам » Абайға арнау

Абайға арнау

Ұлылардың ұлысы-Абай ақын,

Тәрбиеге шақырды халық затын.

Әртүрлі өлеңдерді ол шығарып,

Өз еліне танытты Абай атын.

Өлеңмен бірге Абайды мен таныдым,

Абайдан әрқашан да тәлім алдым.

Іші мен сырты алтын өлеңінен

Қара өлеңнің не екенін біліп алдым.

Абай-дана, Абай-дара қазақта,

Оқымаған ұлы ақынды қазақ па?

Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,

Абаймен тең ақын болмас қазақта.

Кеше өткен ақын заман желегі,

Болашаққа Абай үнін тіледі.

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған,

Абай үні бізбен бірге келеді.

Абай ақын, сен ешқашан сөнбедің,

Өмірдің қиыншылығына көнбедің.

Ұзақ емес ғұмырыңның соңында

Өлмедің сен,ақын аға өлмедің!

 

Нарымбаева Анель,

№49 мектебінің 10 «а» сынып оқушысы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.