Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне биыл 10 жыл. Білім ошағымыз – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстандағы 20 мектептің алғашқыларының бірі. 10 жылдық мерейтойға орай Абай атындағы облыстық сазды-драма театрында «Ұлы дала мұрагерлері» атты мерекелік театрландырылған концерт өтті. Концерт басталмас бұрын қонақтарға мектеп оқушыларының түрлі жобалары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі таныстырылды. Шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ...
Толығырақ »Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)
Бакуде грэплингтен қолаға қол жеткізді
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Аслан Бақыткалиев грэплингтен өткен әлем чемпионатында қола медалді жеңіп алды. Әзербайжан астанасы Бакуде 8-9 қарашада ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтті. Жас спортшы жасөспірімдер арасында 53 келіде бақ сынасып, екі кездесу өткізген. Менің салмақ дәрежемде 10 спортшы болдық. Алғашқы кездесуде әзірбайжан спортшысы Гейдар Хагвердилиді (Heydar HAGVERDILI) ұттым. Ал жартылай финалда ресейлік ...
Толығырақ »Атырауда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған эстафета басталды
Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер қатысуда. Аталған акция зияткерлік оқу орынында «Үздік Фаризатанушы» оқушылар байқауымен басталды. Бірнеше кезеңдерде өткен әдеби-танымдық сайысқа мектептің 8 оқушысы қатысты. Алдымен олар ақынға арнауын оқып, кейін Фариза шығармашылығына негізделген ғылыми ...
Толығырақ »НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктер үйінде Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Ғылым және білім – 2019» республикалық конференциясы өтті, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Конференцияда Білім және министрлігі ұйымдастырған бірқатар байқаулардың жеңімпаздары, еліміздің әр өңірінен келген ...
Толығырақ »Шығармашылық – қоғамға бейімдеу тәсілі
Шығармашылық – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеудің тиімді тәсілі. Оралда өтіп жатқан «Қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» республикалық курсының қатысушылары осылай деп есептейді. Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беретін мектептегі үйірме жетекшілері, әдіскерлер Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шаңырағында болып, «Қоғамға қызмет ету» жобасымен танысты. Азаматтық жауапкершілікті ...
Толығырақ »Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Халықаралық саммитте Қазақстанның намысын қорғады
Қазан айының 15-18 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Германияның Кёльн қаласы мэриясының ұйымдастыруымен «Балаларға мейірімді қалалардың» Халықаралық саммиті болып өтті. Бұл жаһандық кездесу әлемнің 60 елінен жиналған 550-ге жуық қалабасыларының, жергілікті көшбасшылардың, техникалық сарапшылардың, жастар мен балалардың басын біріктірді. Саммиттің басты мақсаты – бала құқықтарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру мен кеңейтудің инновациялық жолдарын қарастыру болып табылады. Әлемнің ...
Толығырақ »NIS кіші жобалық кеңсесі Түркияда таныстырылды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірегей тәжірибесі Түркияда таныстырылады. Мұндай мәлімет Атырау облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркиядағы Анкара және Конья қалаларында өткен іс сапарында белгілі болды. 2018 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі жұмыс жасап келеді. Жобалық кеңсе аймақтағы білім беру ұйымдарына жаңартылған ...
Толығырақ »Семейлік ұстаз — «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков — «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы номинанттары қатарына кірді. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, «Үздік педагог – 2018» республикалық сайысының жеңімпазы бұл дәрежеге өзінің еңбекқорлығы мен білім саласында көрсеткен жоғары нәтижелерінің арқасында жетіп отыр. «Әлем мұғалімі» сыйлығы — бұл ұстаздарға арналған Нобель сыйлығы. Елімізде алғаш рет бұл марапатты Қоғамдық маңызы ...
Толығырақ »Ауған ардагерлерімен кездесу
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 30 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, 10 жылға созылған соғыстың лайықты бағасы әзірге толыққанды берілген жоқ. Десе де, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист – жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Солардың бірқатары Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің арнайы шақыруымен келіп, оқушылармен ...
Толығырақ »Шаршы тақтаның кішкентай шебері
Аружан Қаймолдина Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 – ші сынып оқушысы. Сабақтан қолы бос уақытта шахмат ойнағанды жақсы көреді. Қазір өз қатарластары арасында Аружанға қарсылас табылмай тұр. Кей кездері өзінен жасы үлкендерді ұтып кетуге қабілеті еркін жетеді. Өткен оқу жылында мектебімізге Аягөз қаласынан келіп түскен жас спортшы соңғы екі маусым бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған желілік ...
Толығырақ »