Стартап индустрияны қалыптастыруға және инновациялар экожүйесіне арналған «Моментум» халықаралық жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазан айынан бастап жұмыс жасайтын болады. Мұндай келісім Астанада Зияткерлік мектептер басшылығының Израильдік стартап саласындағы белгілі сарапшысы Елена Донецпен кездесуі барысында белгілі болды. «Бастапқы кәсіпкерлік машықтар жөніндегі оқыту курсы арнайы қазақстандық оқушыларға бейімделіп әзірленген, іскерлік ойлануға және бизнес инструменттерін иеленуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін балалар венчурлік қор ...
Толығырақ »Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)
Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды
Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Францияда өткен «IESO» (International Earth Science Olympiad) – Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушысы Аружан Калымова мен 12-сынып оқушысы Мөлдір Шынғыспен кездесті. Олимпиаданың командалық кезеңінде ESP (Earth Science Project) – Жер туралы ғылымдар бойынша жоба қорғаған Аружан мен Мөлдір олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. ...
Толығырақ »Шекспирдің шығармасы үш тілде сахналанды
Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өңірдегі дарынды жастар ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің «Ромео және Джульетта» шығармасын бір мезгілде үш тілде сахналады. Қойылымды Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары дайындаған. Мектеп театрының жаңа туындысын тамашалауға келгендердің қарасы көп. Олардың арасында шетелдік ұйым өкілдері, мектеп ұстаздары және ата-аналар да бар. Мьюзикл жанрында орындалған әдеби шығарма әуелі қазақ тілінде, кейін ...
Толығырақ »Алтыншы сынып оқушыларына арналған виртуалды мектеп ашылды
15 қыркүйектен бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің виртуалды мектебі жұмысын бастайды. Виртуалды мектеп 2011 жылы ашылды. Әрбір оқушы осы мектептің «қабырғаларында» қашықтан оқыту жүйесі арқылы Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеуіне дайындалуға мүмкіндік алады. Бұл жетінші оқу жылы, алты жыл ішінде қатысушылардың жалпы саны бес есеге артып, Зияткерлік мектептерде оқитын виртуалды мектеп оқушыларының саны 12 есеге өсті. Алтыншы сынып оқушыларының vs.nis.edu.kz ресми сайтында ...
Толығырақ »PYP семинары
Жаңа оқу жылының қарсаңында Астана қаласындағы Халықаралық мектеп тағы бір мәрте мұғалімдерінің оқытушылық әлеуетін арттыруға бағытталған шара ұйымдастырды. Мектеп ұжымы халықаралық бакалавриат сарапшысы, (DP) дипломдық және (PYP) бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін мұғалімдерді кәсіби дамытудың тренері, халықаралық авторизациялаушы және емтихан комиссияларының мүшесі, ресейлік Пермь қаласының тұрғыны Михаил Новосёловты екі күндік семинар өткізуге шақырды. Семинардың ...
Толығырақ »Өмірлік тәжірибемен ұштаса игерілген білім — нағыз білім
11-12 және 15 тамыз күндері республикалық дәстүрлі тамыз конференциясының аясында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс пен қаланың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің 5 және 7 сыныптарына енгізілгелі отырған жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасымен және бағалау жүйесіндегі өзгерістермен таныстыру. Облыстың барлық аудандары мен қала мектептерінен келген ұстаздарды ...
Толығырақ »Тамыз кеңесі өтуде
15-16 тамыз аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тамыз кеңесі өтуде. Аталмыш жиынның тақырыбы «Педагогке ресурстық қолдау көрсету» деп аталады. Тамыз кеңесіне 340-қа жуық мектеп мұғалімдері қатысуда. Мемлекеттің 2016-2020 жылдарға бекітілген білім беруді дамыту кестесіне сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында орта сыныптарға арналған жаңа оқу жүйесі енгізілетін болады. Аталмыш өзгерістер еліміздің барлық мектептерінде 1,2,5,7-сыныптар арасында орын алмақ. Осы ...
Толығырақ »РОБОТОТЕХНИКАЛАР ЖАРЫСЫ
Кеше елорда төрінің ЭКСПО конгресс залында замнауи Робототехника сайысы өткен болатын. Мұнда жан-жақтан келген 300-ден астам оқушылар өздерінің қиялдан туған туындыларын ортаға қойды. Сайыс ветринасы екі залға жайғасты. Бір залында роботтар футбол ойнап, әртүрлі қызмет көрсетіп жатса, екіншісінде өмірге өзіндік үлес қосатын шығармашылық жобалар еді. Мұның барлығы жаңа заманның кәсіпқой мамандарының бағдарлай білу қабілеттерінің арқасында. Осылайша, жастарымыз интеграциялық шындықта жұмыс ...
Толығырақ »ЭКСПО-ның жас елшілері
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері Астана қаласында «ЭКСПО-ның жас елшілері» атты жазғы мектеп ашты. «Болашақ энергиясын» көруге Республикамыздың түкпір-түкпірінен жүз бала елордаға арнайы келді. Астана қаласына дейінгі билеттер Зияткерлік мектептер оқушыларының арнайы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкелеріне түскен қаржысына алынды. Іс-шараның арқасында негізінен жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар ЭКСПО қабырғасында ұмытылмас демалыс өткізеді. Іс-шараның бас демеушісі Халық банкінің «Халық» қайырымдылық қоры. ...
Толығырақ »