Home » Жаңалықтар » Алтыншы сынып оқушыларына арналған виртуалды мектеп ашылды

Алтыншы сынып оқушыларына арналған виртуалды мектеп ашылды

15 қыркүйектен бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің виртуалды мектебі жұмысын бастайды.

Виртуалды мектеп 2011 жылы ашылды. Әрбір оқушы осы мектептің «қабырғаларында» қашықтан оқыту жүйесі арқылы Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеуіне дайындалуға мүмкіндік алады.

Бұл жетінші оқу жылы, алты жыл ішінде қатысушылардың жалпы саны бес есеге артып, Зияткерлік мектептерде оқитын виртуалды мектеп оқушыларының саны 12 есеге өсті.

Алтыншы сынып оқушыларының vs.nis.edu.kz ресми сайтында тіркелуі 14 қазанға дейін жалғасады. Содан кейін әрбір оқушының жеке кабинетінде математика, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде тапсырмалар беріледі. Олардың барлығы қашықтық оқыту жүйесі бойынша желілік мұғалімдермен кеңесе алады.

Қараша айының соңына дейін виртуалды мектептің қорытындысы шығарылады. Әр пән бойынша 50-ден астам балл жинаған виртуалды мектептің барлық оқушылары демалыс кезеңінде ұйымдастырылатын (каникулярды) мектепке шақырылады.

Ақпан айында бесінші сынып оқушыларына арналған виртуалды мектеп ашылады.

Барлық ақпаратты төмендегі телефондар бойынша алуға болады:

1) Астана қ. (7172) 559 801

2) Алматы қ. ФМБ (727) 3 310 104

3) Алматы қ. ХББ (727) 3 310 110

4) Ақтау қ. (7292) 701 066

5) Ақтөбе қ. (7132) 704 780

6) Атырау қ. (7122) 558 551

7) Карағанды қ. (7212) 558 880

8) Көкшетау қ. (7162) 253 140

9) Қостанай қ. (7142) 999 747

10) Қызылорда қ. ХББ (7242) 551 151

11) Павлодар қ. ХББ (7182) 733 000

12) Петропавл қ. (7152) 559 722

13) Семей қ. (7222) 532 433

14) Талдықорған қ. (7282) 219 864

15) Тараз қ. ФМБ (7262) 999 855

16) Орал қ. (7112) 222 704

17) Өскемен қ. (7232) 560 125

18) Шымкент қ. ФМБ (7252) 294 488

19) Шымкент қ. ХББ (7252) 425 170

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.