Home » Жаңалықтар (page 51)

Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылы 10 мамырда американдық «CeoWorldMagazine» журналы әзірлеген «білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі» туралы мәліметтерді жариялады.

Бұл «рейтингте» Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзірбайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан. Басылымның сайтында көрсетілгендей, «рейтинг» ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және т.б. арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалады. Сондай-ақ, басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы «рейтингті» ескермеу керектігін хабарлайды. ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАПОНИЯ, ЛАТВИЯ, ЭСТОНИЯ, РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬ ЕЛДЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қазақстандық жоғары оқу орындарында жаңа оқу аудиториялары, зертханалар мен орталықтар ашылды. Олар Жапония, Латвия, Эстония, Ресей және Беларусь университеттерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сондай-ақ ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты университеттер материалдық-техникалық базаны жаңартып, студенттерді оқыту үшін жаңа жабдықтар сатып алды. Мысалы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде химия және физика мамандарын оқытуға арналған жаңа зертханалар ашылды. Олар шетелдік университеттермен ...

Толығырақ »

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысына бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сонымен бірге Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі балабақшалар мен мектептерге қатысты болды. Оның ішінде, білім беру ұйымдарында ақша жинау және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану мәселелері. Екі өтініш бойынша келіп түскен ақпарат негізінде ...

Толығырақ »

БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 37 ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жыл соңына дейін 37 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар соңғы үш жылда үшінші әлеуметтік бастама шеңберінде елімізде 85 жаңа жатақхана іске қосылып, 22 мыңнан астам студент қоныстанды. «Министрлік Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студенттер жатақханаларын салу мен қайта құру қарқынын жеделдетудің жаңа тетіктерін әзірледі. Атап айтқанда, жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен, ...

Толығырақ »

Түркістан облысында әдістемелік кабинеттердің жұмысы талқыланды

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Іс-сапардың мақсаты – облыстағы әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу, орталықтардың жұмысындағы мәселелердің шешу жолдарын айқындау. Бұған дейін аппараттық жиналыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әдістемелік кабинеттердің нақты міндеттерін бекіту және олардың жұмысын бір жүйеге келтіру бойынша тапсырма берді. БҒДМБ сәйкес Ұлттық білім ...

Толығырақ »

«Ыбырайдың ізімен» атты велошеруге қатысқан әуесқой велошабандоздарға алғыс хаттар табысталды

«Ыбырайдың ізімен» атты Нұр-Сұлтан – Қостанай велошеруіне қатысып,  750 шақырымдық жолды 6 күнде жүріп өткен әуесқой велошабандоздарға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев алғыс хаттар табыс етті. Веломарафон Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірін, бай мұрасын насихаттауға, жастарды салауатты өмір салтына және  патриотизмге насихаттауға ...

Толығырақ »

ҚР БҒМ аппараттық кеңесінде Ғани Бейсембаев әдіскерлер қызметінің мәселелерін қозғады

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев ҚР БҒМ аппараттық отырысында өңірлердегі әдістемелік орталықтар қызметінің жайы және оны жетілдірудің жолдары туралы баяндады. «Қазіргі уақытта республикамызда 14 облыстық, 3 республикалық маңызы бар қалалық және 199 аудандық/қалалық әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Орта білім беру жүйесі қамтитын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДАН ШЫҚҚАН 50 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ ҮШІН ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

Әлеуметтік осал топтардан шыққан 50 мыңнан астам бала колледждерде оқу үшін грант иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда жеңілдіктер бойынша оқуға түскен талапкерлердің саны 16 мыңға артты. Бұл квота санаттарының тізімін кеңейтудің нәтижесінде мүмкін болып отыр. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың колледждерге түсуі үшін квоталар енгізілді. Бұл жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елді-мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуациялады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ВАКЦИНА АЛҒАН СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖОЛДАМАЛАР ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚТАРҒА ИЕ БОЛЫП ЖАТЫР

Еліміздегі жоғары оқу орындарының вакцина алған студенттері мен оқытушылары жолдамалар және ақшалай сыйлықтарға ие болып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны ынталандыру шараларын әзірлеген болатын. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде вакцинацияның толық циклынан алғашқылардың бірі болып өткен студенттер Сібе көлдерінің демалыс орнына жолдама ...

Толығырақ »